Студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын шешу үшін мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі, ол мемлекет тарапынан құрылыс салушыға инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің студенттік жатақханаларды салуға және қайта жаңартуға кеңінен қатысуын көздейді.
"Студенттерге жатақхана салуға дайын кәсіпкерлер үшін мемлекеттен берілетін кепілдіктер"
Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі барлық өңірлер үшін өзекті. Статистикаға сәйкес, жатақханаға мұқтаж студенттер саны 84 мыңнан асады. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлері. Ең көп қажеттілік Республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында ұсынылған.
Сондай-ақ, жақын болашақта Қазақстан 2000-шы жылдардағы baby-boom-а салдарын "бастан кешіреді" және студенттер контингенті ұдайы өсетін болады. Әрине, бұл жағдай студенттік жатақханаларға сұраныстың артуына әсер етеді.
Мемлекетпен серіктестік аясында жатақхана ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге мынадай қолдау шаралары ұсынылады:
Тұрақты табысқа кепілдік беру. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады, оның жыл сайынғы мөлшері құрылыс кезінде - 122 АЕК (Алматы қаласы үшін – 144 АЕК), реконструкциялау кезінде – бір студентке 47 АЕК (Нұр-сұлтан және Алматы қалалары үшін - 92 АЕК) құрайды. Мемлекеттік тапсырыс 8 жыл мерзімге орналастырылады және төлемдер ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Ай сайынғы тұру ақысы. Студенттер тарапынан тұру үшін жалдау ақысы мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және белгілі бір аймақтың тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады.
Коммерциялық алаңдарды құру. Тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған коммерциялық алаңдарды құруға болады, олардың негізгі тұтынушылары сіздің тұрғындарыңыз болады (асхана, буфет, тренажер залы, кір жуу бөлмесі және т.б.).
Сондай-ақ, жатақхана құрылысы бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін 6% - ға дейін төмендетумен банктік қарыздарды субсидиялау қарастырылған.
Егер сіз қызығушылық танытсаңыз, сізге қажет:
Біріншісі - жобаның промо сайтына кіру – www.studdom.fincenter.kz немесе жобаға қатысу шарттарымен толық танысу үшін Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығының call-орталығына (8-800-080-28-28) қоңырау шалыңыз.
Екіншісі-Шартты алдын ала жасасу үшін қаржы орталығына өтініш беру.
"Біз жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз!»