Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

Жыл сайын Қазақстанда жас білім алушыларға мыңдаған білім гранттары бөлінеді. Білім гранты жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ білім алушыға ай сайынғы ақшалай жәрдемақыны, яғни стипендияны төлеуді көздейді.Стипендия мөлшері көптеген факторларға байланысты, төменде біз солар туралы айтамыз.

Білім беру мекемелеріндегі стипендиялардың түрлері

Бірінші кезекте стипендия жоғары білім беру мекемелерінің (ЖОО), сондай-ақ кәсіби техникалық мекемелердің  (КТМ, колледждер) студенттеріне де төленетінін атап өтелік.

Мемлекеттік стипендиялардың түрлері: 

  • ең төменгі мемлекеттік стипендия (оны әрі қарай әдеттегі деп атайық);
  • ұлғайтылған мемлекеттік стипендия;
  • президенттік мемлекеттікстипендия (жоғары оқу орнының студенттері үшін ғана көзделеді).

Стипендияны алу үшін студентке төлем картасына ие болу қажет. Төлем картасын дайындау 45 күнді алады. Қазіргі уақытта картаны рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті. Төлем картасын білім алушының қалауы бойынша екінші деңгейдегі кез келген банкте ашуға болады. Егер бірінші оқу айында білім беру мекемесінде сізде төлем картасы болмаса немесе ол дайындалу кезеңінде болса стипендияны оқу орнының кассасынан алуға болады.

Ең төменгі мемлекеттік стипендия

Егер сіз білім грантының иегері болсаңыз, онда алдымен сізге бірінші семестрдің аяғына дейін әдеттегі (ең төменгі) стипендияны есептейтін болады. Есептелу ай соңына келеді. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша білім алушы «үздік» және «жақсы» бағаларға ие болса, ол стипендияны әрі қарай алу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша студентте тек «үздік», деген бағалар болса, онда келесі семестрде ол 15%-ға ұлғайтылған стипендия алады. Жазғы демалыстар кезеңіндегі стипендия екі ай үшін жиынтық (шілде, тамыз) төленеді, әрине ол үшін студент жазғы сессияны «жақсы» және «үздік» бағалармен аяқтауы тиіс. Есептеу ай соңында болады.

Ереже бойынша білім алушыларға стипендияны төлеу уақытша немесе мүлде тоқтауы мүмкін белгілі бір себептер туындайды.

  1. Егер білім алушы емтихандары білім беру мекемесі белгілеген уақытта негізді себептермен тапсыра алмаса (ауру, отбасы жағдайы, табиғи апаттар), білім беру мекемесінің басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін сынақтар мен емтихандарды тапсырудың жеке кестесін белгілейді, осыдан кейін стипендия тағайындалады.

  2. Егер студент бір білім беру мекемесінен екіншісіне ауысса, стипендияны төлеу оқу жоспарындағы айырмаларды жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

  3. Егер студент емтихан сессиясын тапсыру нәтижелері бойынша кем дегенде бір пәннен «қанағаттанарлық» бағаға ие болса, онда ол автоматты түрде  келесі емтихан сессиясын тапсырғанға дейін стипендиядан айрылады.

  4. Егер білім алушы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе мүгедек бала болса стипендияны есептеу сондай-ақ емтихан сессиясын тапсыру мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылады.

  5. Егер студент академиялық демалыста болса стипендия төленбейді.
  6. Егер студент оқудан шығарылса немесе оқу орнынан өз қалауы бойынша кетсе, стипендия төленбейді.

Ұлғайтылған мемлекеттік стипендия

Ұлғайтылған стипендия емтихан сессиясын «үздік» бағаға ғана аяқтаған студенттер үшін қарастырылған. Бұнда студенттерстипендияны 15 % үстеме ақымен алады. Ұлғайтылған стипендияны алу мүмкіндігі ЖОО, сондай-ақ колледжерде де ұсынылады. Сонымен қатар, оқушының әлеуметтік деңгейіне байланысты, басқа да үстемелер болуы мүмкін. (4 Кесте).

Президенттік мемлекеттік стипендия

Президенттік стипендия тек жоғары оқу орнының студенттеріне ғана төленеді. Ереже бойынша ол белгілі бір еңбегі бар білім алушыларға ғана тағайындалады. Президенттік стипендия мыналарға бағытталған:

  • білім алушыларды (студенттерді магистранттарды) ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ынталандыру;
  • неғұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;
  • зияктерлік әлеуетті қалыптастыруға әрекеттесу.

Жоғары оқу орындары арасындағы стипендиялар санын бөлу ҚР жоғары оқу орындарында күндізгі оқыту нысанындағы білім алушылардың санына пропорционал жүзеге асырылады.Егер жоғары оқу орнында күндізгі оқу нысанында білім алушылардың 700 адамнан кемді құраса, аталмыш ЖОО стипендия бөлу көзделмейді.

Президенттік стипендия күндізгі оқу нысанының студенттеріне 3-курстан бастап және магистранттарға 2 курстан бастап «үздік» (А, А-) білім алушыларға мемлекеттік білім беру гранты, сондай-ақ ақылы негізде де тағайындалады.

Стипендия студенттерге, магистранттарға тағайындалады:

  • республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық конкурстар, спорт жарыстарының, фестивалдардың жеңімпаздарына  жаңалықтар, өнертабыстардың авторлары болып табылатындарға;

  • республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми еңбектердің жинақтарында жарияланымдары барлар;
  • жетістіктері дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;
  • білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

Стипендияны тағайындау ғылыми кеңес шешімінің негізінде жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.Стипендия бір академиялық кезеңге (семестрге) тағайындалады.Стипендия ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше мәрте тағайындалуы мүмкін.

Стипендия тағайындауда іріктеу жоғары сипатталған өлшемдерді негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Тең шарттарда артықшылыққа ие болатындар:

  • жетім балалар және ата-ананың қақорлығынсыз қалған балалар;
  • бала жастан мүгедектер, мүгедек балалар.

Стипендия төлеу ай сайын жүзеге асырылады.


Студенттерге жолақы төлемдері

Мақалада  білім алушыларға көлікте жүруге жеңілдіктер (жолақы) есептелетінін атап өткіміз келеді.

  1. Колледж оқушыларына жазғы әрі қысқы демалыс күндері жол жүру төлемі 2-есе АЕК мөлшерінде жылына екі рет төленеді.
  2. Колледж түлектеріне - 2-есе АЕК мөлшерінде жылына бір рет.
  3. ЖОО студенттері мен магистранттары үшін жол жүру төлемі қысқы әрі жазғы демалыс күндері 4 –есе АЕК мөлшерінде жылына 2 рет төленеді.
  4. Жоғарғы оқу орындарының даярлық бөлімшелерінің тыңдаушыларына – 4-есе АЕК мөлшерінде жылына бір рет төленеді.
  5. Жоғарғы оқу орындарының түлектеріне – 4-есе АЕК мөлшерінде жылына бір рет төленеді.

Жолақыны ұлғайту мөлшері ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе мүгедек балаларға көзделмеген. Жолақыны есептеу білім алушының төлем картасына қаржына аудару немесе қолма-қол төлем жолымен ақпан және маусым айында жүзеге асырылады.

ЖОО және колледждердегі стипендиялар мөлшері

Cтипендияны тағайындау білім беру мекемесінің басшысының бұйрығымен жүргізіледі (ЖОО ректоры, колледж директоры). Стипендия мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 Қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия тағайындау, төлеу және мөлшерлері ережелеріне сәйкес реттеледі

Төменде келтірілген кестелерде білім алушылардың, соның ішінде студенттер, магистранттар, докторанттардың әр санаты үшін стипендиялар мөлшері нақты сипатталған.

1-кесте. Ең төменгі стипендия мөлшері

Студент санатының атауы/оқу орнының түрі

Жоғары оқу орны(ЖОО)

Кәсіби техникалық мекеме (КТМ, колледждер)

Студент

20949 тг.

16759 тг.

Интерн

37945 тг.

-

Магистрант

53530 тг.

-

Докторант

81998 тг.

-

Резидентура тыңдаушылары және денсаулық сақтау магистранттары

61561 тг.

-

2-кесте. Ұлғайтылған стипендия мөлшерлері

Студент санаттарының атауы /оқу орнының түрі

Жоғары оқу орны (ЖОО)

(ұлғайту мөлшері 15%)

Кәсіби техникалық мекеме (КТМ, колледждер)

(ұлғайту мөлшері 15%)

Студент

24 091 тг.

19 273 тг.

Магистрант

61 560 тг.

-

3-кесте. Президенттік стипендия мөлшері

Студент санаттарының атауы /оқу орнының түрі

Жоғары оқу орны (ВУЗ)

(ұлғайту мөлшері 50%)

Студент

41 898 тг.

Магистрант

107 060 тг.

4-кесте. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе мүгедек балаларға стипендияны ұлғайту мөлшерлері

Стипендиаттар

Ұлғайту мөлшерлері
(пайыздарда)

Стипендия төлеу мөлшерлері(теңгеде)

ЖОО

КТМ

Көру және естуі бойынша мүгедектер

75 %

36 660 тг.

29 328 тг.

"Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерге жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген студенттер.

50 %

31 423 тг.

18 282 тг.

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) жетім балалар және жетім балалар қатарынан студенттер

30 %

27 233 тг.

21786 тг.

 

Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "үздік" бағасы бар техникалық және кәсіби (училищелерде, колледждерде), ортадан жоғары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға (Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары және мемлекеттік атаулы стипендия алатындардан басқа)

15 %

24 091 тг.

19 273тг.

 
Бұл бөлімде біз білім беру саласында қосымша пайдалы ақпарат жинадық.

Қазақстанда және шетелде оқу мүмкіндігі, білім беру гранттары және түлектерге арналған бос жұмыс орындары-осы және басқа да материалдар ата-аналарға, талапкерлерге, студенттер мен жас мамандарға көмектесуге арналған.

Мысли
Яндекс.Метрика