Қаржыландырудың жан басына қатысты нормативінің мөлшерін есептеу үшін Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесі (әрі қарай – Әдістеме)әзірленді.
Білім беру үдерісі мен білім беру ортасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен нақты мектепке бөлінетін ақша қаражаттарының көлемі осы мектепте оқитындардың санына байланысты болады және Әдістеме бойынша есептелген жан басына қатысты нормативті осы мектепте оқитындардың санына көбейту жолымен (білім беру деңгейіне, мектептің орналасқан жеріне қарай)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (әрі қарай – БҒМ)анықталады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында 1 тәрбиеленушіге арналған шығындарды есептеу.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы білім беру үдерісін қаржыландыру көлемін есептеу барысында Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру әдістемесі келесілерді ескереді:
· қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры;
· оқу шығындары;
· ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;
· ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;
· интернетке арналған шығындар;
· күрделі шығындар;
· банкқызметтері.
2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуге арналған калькулятор
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Түркістан облысында орналасқан білім беру ұйымдары үшін 2022 жылға арналған есептеу үлгісі)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Шымкент қ. орналасқан білім беру ұйымдары үшін 2022 жылға арналған есептеулер үлгісі)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Павлодар қ. орналасқан білім беру ұйымдары үшін 2022 жылға арналған есептеулер үлгісі)
____________________________________________________________________________________________________________
Орта білім беру ұйымдарында 1 оқушыға қаржыландырудың жан басына қатысты нормативін есептеу барысында Әдістеме келесілерді ескереді:
· қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры;
· педагог қызметкерлерді ынталандыру қоры;
· оқу шығындары;
· ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;
· ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;
· интернетке арналған шығындар(жекеменшік мектептер үшін);
· күрделі шығындар;
· банкқызметтері.
Әдістемелік ұсынымдар (радиация)
Әдістемелік ұсынымдар (экология)
ТжКБ ұйымдарында 1 оқушыға қаржыландырудың жан басына қатысты нормативін есептеу барысында Әдістеме келесілерді ескереді:
· қызметкерлергееңбекақы төлеу қоры;
· оқу шығындары;
· пошта және телефон байланысы, интернет қызметтері;
· ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;
· коммуналдық қызметтер;
· ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;
· банк қызметтері.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативін есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Қалада, экологиялық қасірет аймағында орналасқан, инклюзивті білім беру бар білім беру ұйымы үшін 2022 жылға арналған есептеу үлгісі)
Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқыту құнының есебі:
· қызметкерлергееңбекақы төлеу қоры;
· оқу шығындары;
· ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;
· ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;
· пошта және телефон байланысы, интернет қызметтері;
· коммуналдық қызметтер;
· банк қызметтері.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтері
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (докторантура) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу жөніндегі калькуляторы
Раздел не найден.