Қазіргі уақытта «Білім туралы» ҚР Заңының 47- бабының 17- тармағына сәйкес ҚР азаматтарының мына санаттары үшін кемінде үш жыл жұмыспен өтеу міндеті туралы нормалар қолданылады:
1. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан ҚР азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖБҰ) бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен ҚРазаматтары ЖЖОКБ ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған ҚР азаматтары ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті (2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 ҚР ҮҚ 6-т.).
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен ҚР азаматтары оқуын бітіргенннен кейін ЖЖОКБ ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған ҚР азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе ЖЖБҰ-ларда немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
6. Заңның 26-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін тізімі осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған өңірлерде кемінде екі жыл жұмыспен өтейді.
Жұмыспен өтеу үшін өңірлер
1. Ақмола облысы.
2. Ақтөбе облысы.
3. Атырау облысы.
4. Абай облысы.
5. Батыс Қазақстан облысы.
6. Қарағанды облысы.
7. Қостанай облысы.
8. Павлодар облысы.
9. Солтүстік Қазақстан облысы.
10. Ұлытау облысы.
11. Шығыс Қазақстан облысы.
Осы тармақта аталған ҚР азаматтары ЖЖБҰ -ны бітіргеннен кейін:
1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен ЖЖОКБҰ-дан шығарылған жағдайларда, осы тармақта көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.
Жұмысты өтеу мерзімі мынадай формула бойынша есептеледі:
T = y/х*z
мұндағы:
Т - айлармен жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);
y - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлармен нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);
x - ЖЖБҰ-да оқудың айлармен жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);
z - Заңның 47-бабының 17-тармағында және осы Қағидаларда көзделген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі.
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу және жұмыс істелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауын мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылады.
Жас мамандар мен философия докторларын (PhD) тиісті ұйымдарға жұмысқа жіберу тәртібі 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 ҚР ҮҚ-мен бекітілген Мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларында белгіленген.
Бос орындарды ұсыну, жұмысқа бөлу, жіберу және кейіннен жұмысқа орналастыру ЖЖБҰ -ның, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және оқу бітірушілердің өзара әрекеттесуі арқылы жүргізіледі.
Заңда өз бетінше жұмысқа орналасу жағдайлары көзделген, сондай-ақ жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату шарттары айқындалған.
МАҢЫЗДЫ:
Заңның 47-бабының 17-2 және (немесе) 17-3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін ҚР азаматтары білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы арқылы оларды оқытуға бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды нақты жұмыс істелген кезеңге мөлшерлес өтейді.
Жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу мынадай формула бойынша нақты жұмыспен өтеген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады:
S1 = (z - d) * S / z,
мұндағы:
S1 - бюджетке қайтарылуға тиіс сома, теңгемен;
d - айлармен нақты жұмыс мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);
z - Заңның 47-бабының 17-тармағында және осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде толық мерзім оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі;
S - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде барлық оқу кезеңіне жұмсалған бюджет қаражатының сомасы.
Берешекті төлеу мынадай деректемелер бойынша ҚР-ның кез келген банкінде (банк филиалында) қабылданады:
Алушы: «Қаржы орталығы» АҚ,
БСН 050740000618,
ЖСК KZ936010111000181603,
БСК HSBKKZKX, ТБК 861,
«Қазақстан Халық банкі» АҚ.
Берешекті төлеген кезде жас маманның тегін, атын, әкесінің атын және ЖСН нөмірін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауын және оны бітірген жылын дұрыс көрсету қажет.
Барлық сұрақтар бойынша 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел д-ы, 18 (3-қабат, 302-кабинет, Мониторингілеу департаменті) мекенжайы және/немесе 8/7172/ 69-50-32, 69-50-34, 69-50-47, 69-50-56, телефон нөмірлері бойынша не fincenter@fincenter@.kz электронды поштасына хабарласуды сұраймыз.