Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы
"Қаржы орталығы"АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
"Қаржы орталығы"АҚ-да ішкі актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрық
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Қаржы орталығы» АҚ ішкі аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ереже
2023 жылы «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қоғам органы болып табылатын Ішкі аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылды.
Қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бөлігінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты – Қоғамның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық сипатының белгілері бар жағдайлар анықталған және/немесе сондай жағдайға тап болған кезде көрсетілген фактілер туралы Қызметтің комплаенс-офицері Н.М.Галлямоваға келесі байланыс арналары арқылы хабарлау қажет:
тел. 8 (7172) 69 50 50
email: compliance@fincenter.kz