У казахстанцев должны появиться новые возможности накапливать средства на обучение детей с получением процентных бонусов от государства.
Жаңалықтар

01

янв

"Жарқын болашақ кепілі" атты кайырымдылық акциясы...

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

1999-2005 жж. берілген білім кредиттерін қайтару

1999-2005 жж. мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1018 қаулысымен бекітілген Несиелендірудің ережесіне сәйкес берілді.

Мемлекеттік білім беру кредиті (МБК) – білім алушыға кәсіптік білім алуға ақы төлеу үшін берілетін мақсатты несие.

Мемлекеттік студенттік кредит (МСК) – білім алушыға тамақтануға, тұратын орнына және оқу әдебиетін сатып алуға шығыстарды ішінара өтеу үшін берілетін мақсатты несие.

МБК 15 жылға дейін, МСК 10 жылға дейін берілді, кредит мерзімінің есептелуі Үшжақты келісім (Келісім) жасалған күннен басталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Халқына жолдауына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы      27 қыркүйектегі №648 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру кредиті бойынша білім алып жүрген студенттер 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру кредиттерінен мемлекеттік білім беру гранттарына ауыстырылған студенттер кредитті қайтару міндетінен босатылмайды. Жасалған Келісімдерге сәйкес бұл студенттер белгіленген мерзімде грантқа ауыстырылғанға дейін оларды оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс. 

Маңызды: Қарызгердің кредитті өтеу міндеті ЖОО-ны бітіргеннен кейін алты айдан кешіктірілмей басталады. Төлемдер «Қаржы орталығы» АҚ арқылы республикалық бюджеттің кірісіне бір жылда кемінде екі рет жиілікпен кредитті өтеу кестесіне сәйкес немесе мерзімінен бұрын жүзеге асырылады.

Төлемдер кез келген банкте (банк филиалында) төмендегі деректемелер бойынша қабылданады:  

СТН 620200014117, БСН 050740000618, IBAN KZ696010111000029648, БСК HSBKKZKX, ТБК 861, КБЕ 17, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, алушы «Қаржы орталығы» АҚ.

Берешекті төлеу кезінде қарызгердің тегі, аты, әкесінің аты, ЖОО атауы және үшжақты несиелік келісімнің нөмірі дұрыс жазылуы тиіс.

Кредит бойынша берешектің бар-жоғы туралы хабарламаны, несиені өтеу кестесін және т.с.с. қажетті ақпаратты төмендегі байланыс деректері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-нан алуға болады: 010000, Астана қ., Орынбор көш., 18, тел/факс: 8 (800) 080 28 28 (хабарласу тегін); 8 (7172) 695-053, 695-054, 695-056, 695-055, 8 707 769 50 55,                      E-mail: fincenter@fincenter.kz, Білім беру кредиттерінің және жас мамандарды жұмысқа орналастырудың мониторингі департаменті.

Қосымша: Сонымен қатар, «Қаржы орталығы» АҚ кредиттер бойынша қарыздарды мәжбүрлі түрде өндіріп алу жұмыстарын жүргізуде: ҚР АІК 8-бабына сәйкес кредиттер бойынша өтелмеген, өтеу мерзімі өткен берешегі бар және оны өз еркімен өтеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты сотқа талап арыз жіберіледі.   

Борышкерлерді жауапкершілікке тарту ҚР АК 349-бабы негізінде кредитордың талап етуі бойынша шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшін жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қарызгерлердің тарапынан  міндеттердің тиесілі орындалуы оның жалпы мерзімнің соңына дейін орындалуы ғана емес, сондай-ақ тараптар белгілеген аралық мерзімдердің сақталуы (кесте бойынша төлеу) болып саналады. 

Қарызгер қарыз нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ қарыз берушi ретінде қарыз нысанасының қалған барлық бөлiгiн толықтай мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талап арыз беруге құқылы (ҚР

ҚР АК 295 және 298-баптарына сәйкес кредиттер бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешім қабылданған жағдайда арыз беруші жауап берушіден міндеттердің орындалмағаны үшін (мерзімінде орындалмағаны үшін) ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізінде есептелетін заңды тұрақсыздық айбын да өндіріп алуды сұрайды.

Сонымен қатар, ҚР АІК 116-бабына сәйкес іс бойынша іс жүргізу шығындары және арыз беруші төлеуден босатылған мемлекеттік баж жауап берушіден мемлекеттің кірісіне толықтай немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне тепе-тең мөлшерде өндіріліп алынады.

Осылайша, дау сот инстанциялары арқылы шешілгенде және сот қарызды арызданушының пайдасына өндіріп алу туралы шешім шығарған жағдайда бұл жауап берушіге (қарызгерге) теріс салдар әкеледі: құқық бұзушы ретінде оған мүліктік және жеке сипаттағы айыру түрінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.

Осы ретте, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларында сот шешімін мәжбүрлі түрде орындау шаралары көзделген, оларға мыналар жатады: борышкердің мүлігіне тыйым салу және оны алып қою, өндіріп алуды борышкердің жалақысына және табысының басқа түрлеріне қолдану, борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою және басқа да ықпалшаралар.

Сондықтан, қарызгерлер үшін қарызды өз еркімен өтеу, яғни несиелік шарт бойынша өзіне алған міндеттерді адал орындау әлдеқайда мақсатқа сай болады.

Борышкерлерге қатысты талап арыздың берілуі немесе берілмеуі және сот шешімінің бар-жоқтығы туралы ақпаратты  мына телефондар арқылы алуға болады:  8(7172)69-50-34, 69-50-42, 69-50-43, 69-50-49, 69-50-60.

 

Яндекс.Метрика