У казахстанцев должны появиться новые возможности накапливать средства на обучение детей с получением процентных бонусов от государства.
Жаңалықтар

01

янв

"Жарқын болашақ кепілі" атты кайырымдылық акциясы...

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру

  • Главная
  • Трудоустройство молодых специалистов

Ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар (бұдан әрі – жас мамандар) үшін белгіленген квота шеңберінде жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түскен азаматтардың назарына:

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес «ауылдық квота» шегінде оқуға түскен аталған азаматтар/жас мамандар:

-       педагогтік, медициналық мамандықтар бойынша, 2007 жылдан бастап сәйкесінше ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медициналық ұйымдарда оқу орнын бітіргеннен кейін кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi;

-       ветеринариялық мамандықтар бойынша, 2012 жылдан бастап ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.

2. Заңның аталған нормасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша білім алушы азаматтар да мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медицина ұйымдарында жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

Сондай-ақ, Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

Сонымен қатар, бұл тармақ тиісті бағдарламалар бойынша 2012 жылдан бастап оқуға түскен азаматтарға ғана қолданылады.

Жас мамандарды тиісті ұйымдарға жұмысқа жіберу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларында белгіленген.

МАҢЫЗДЫ: Осы баптың 1 және 2 – тармақтарында көрсетілген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті (Заңның 47-б.17-4-т.).

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы білім беру саласындағы уәкілетті органның жас мамандардың жұмысты өтеу және жұмысты өтемеген жағдайда бюджеттік қаражаты шығыстарының орнын толтыру бойынша өз міндеттерін орындауын мониторингілеуді және бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген агенті болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша толығырақ ақпарат алу үшін 010000, Астана қ., Орынбор к., 18 (3-қабат, Білім беру кредиттерінің және жас мамандарды жұмысқа орналастырудың мониторингі департаменті) мекенжайы бойынша және/немесе 8/7172/ 69-50-57, 8 707 190 12 17 телефондары, serikkali@fincenter.kzkisebaeva@fincenter.kz, ahmetzhanova@fincenter.kz электрондық пошталары арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-ға хабарласуды сұраймыз.


Яндекс.Метрика