У казахстанцев должны появиться новые возможности накапливать средства на обучение детей с получением процентных бонусов от государства.
Жаңалықтар

01

янв

"Жарқын болашақ кепілі" атты кайырымдылық акциясы...

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

Жан басына нормативтік қаржыландыру

  • Главная
  • Жан басына нормативтік қаржыландыру

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру туралы жалпы ақпарат

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың мәні білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан оқушылар санына байланысты оларды оқытуға шығындарды қаржыландыруға көшуге негізделеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мәселеге көзқарас, оны шешудің жолдары өзгереді. Бұл жағдайда оқушы, оның сапалы білім алуға мүддесі мен құқығы бірінші кезекке шығады. Білім беру ұйымының ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерін басқарудың тиімділігі артады, білім беру процесінің нәтижелілігі жоғарылайды, осының барлығы білім беру мекемелерінің арасында контингент, мұғалімдер мен олардың жұмысын ынталандырудың қосымша шаралары үшін «дұрыс» бәсекенің қалыптасуына әкеледі.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың мәні білім беру процесіне (Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ССЫЛКА іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және қаражатты бір жылда бір оқушыға есептеп бөлуге негізделеді. Бөлінетін қаражаттың көлемі оқушылар санына байланысты.

Орта білім беру ұйымының білім беру үдерісін қаржыландыру мыналарды қамтиды:

қызметкерлердің еңбекақысы;

жұмыс берушінің жарналары;

қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақы шығындары;

оқу шығыстары (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекілік материалдар және құралдар) (қазіргі уақытта бұл шығыстарды жан басына қаржыландырудан алып тастау туралы Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде);

білім беру үдерісін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыру бөлігі – орта білім беру ұйымының қызметкерлеріне сыйлықақылар төлеуге және олардың еңбекақысын қызмет нәтижелеріне қарай саралау мақсатында ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының білім беру үдерісімен байланысты басқа да қажеттіліктерді өтеу үшін қарастырылған республикалық бюджет қаражаты.

Орта білім беру ұйымының білім беру процесіне шығындар әр оқушыға анықталады. Білім беру үдерісін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшері мыналар бойынша ажыратылады:

-       іске асырылатын білім беру бағдарламаларының түрлеріне байланысты: жалпы білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары, үйде жеке оқыту;

-       іске асырылатын білім беру бағдарламасының деңгейіне байланысты: жалпы орта білім беретін мектептер, лицей және гимназияларда мектепалды сыныптарындағы мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру (қазіргі уақытта 10-11 сыныптарда орта білім беруді жан басына қаржыландырудың сынағын өткізуге жаңа тәсілдеменің енгізілуіне байланысты бұл тармақты алып тастау туралы Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде);

-       білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық жер.

Мектептердің білім беру ортасын (оқулықтар, коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай шығындарды) қамтамасыз ету жөніндегі міндеті аймақтарда орта білім беру ұйымдары желісінің жай-күйі мен дамуына, мектептердің материалдық базасын қолдау және инфрақұрылымы үшін жауапкершілігін сақтап қалу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады.  

Білім беру ортасына шығыстар орта білім беру ұйымдарының нақты қажеттіліктері негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары есепке алына отырып қаржыландырылады.

Орта білім беру процесін қаржыландыру – республикалық бюджет қаражатынан, білім беру ортасын қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізуге негіздер:

1)  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы («Білім беру жүйесін қаржыландыру» бөлімі):

«Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білімде мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады. 2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін болады. Ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін болады. 2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа, мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады».

2) Елбасының Назарбаев Университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзі (2012 ж. 5 қыркүйек)

«Біздің орта білім беруді жан басына қаржыландыруға сатылап көшіруді қамтамасыз етуіміз қажет. Оқушы басқа мектепке ауысқан жағ­дай­да, ақша да онымен бірге барады. Осылайша, біз мектептер арасындағы бәсекелестікті арттырамыз. Үкіметке қанатқақты мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізуге кірісуді тапсырамын».

Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің мақсаты және нәтижесі:

Қазақстанда енгізіліп жатқан жан басына нормативтік қаржыландыру орта білім беруді қаржыландыру жүйесін жетілдіру және мектептерде мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру үдерісін іске асыруға бюджет шығыстарын мөлшерлеу арқылы білім беру қызметтеріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарлау мақсатын көздейді.   

Жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативін (1 оқушыны оқыту құны) есепке ала отырып, азаматтардың тегін орта білім алуға құқығын қаржылық қамтамасыз етуге қаржы көлемін есептеуде бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз етеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру «ақша оқушының соңынан жүреді» принципіне негізделеді. Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мынадай болмақ:

- оқу орындарының арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналарында жақсырақ мектепті таңдауға мүмкіндік пайда болады, ал ақша мектепке оқушымен бірге келеді;

- білім беру процесінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың кетіп қалу қауіпі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік органдары үшін мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайын жақсартуға түрткі болады.

Мектептің педагогикалық қызметкерлерін қосымша ынталандыру

Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылып жүрген білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жұмыстың түпкілікті нәтижесімен байланысты емес және тек лауазымдық қызметақыдан (мөлшерлеме), еңбек жағдайы үшін қосымша ақы мен үстемеақыдан тұрады. Қызметкерлерге ынталандыру үстемеақылары мен сыйлықақыны білім беру мекемесінің қаражатын үнемдеу және несиелік қарыз болмаған жағдайда ғана белгілеуге болады. Жалақыны есептеудің қолданыстағы тәсімдері қызметкерлер қызметінің нақты нәтижелерімен байланысты емес.    

Жан басына нормативтік қаржыландырудың тетігін енгізу шеңберінде мектептерде педагогикалық қызметкерлерге олар көрсеткен білім беру қызметтерінің сапасы мен қызметінің нәтижелеріне қарай сыйлықақылар төлеу және ынталандыру үстемеақыларын белгілеу үшін, сондай-ақ білім беру үдерісімен байланысты мектептің басқа да қажеттіліктерін өтеуге (оқушыларға дамытушы әдебиетті сатып алу, мектепке шақырылатын дәріскерлердің қызметіне ақы төлеу және т.б.) республикалық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру қорларын (білім беру үдерісіне көзделген шығыстардың шамамен 10%) қалыптастыру жобаланады.

Жан басына қаржыландыру жағдайындағы педагогтардың еңбегін ынталандыру жас оқытушыларды мектептегі жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, өйткені жас мұғалім жұмыс өтіліне қарамастан жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз етсе, лайықты жалақы алады. Бұл тәжірибелі мұғалімдер үшін де өзін өзі жетілдіруге түрткі болады.

Орта білім беру ұйымдарының білім беру процесімен байланысты мұқтаждықтарына орта білім беру ұйымының мына шығыстарға қажеттіліктері жатады:

а) педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін елдің ішінде және шетелде арттыру және сонымен байланысты іссапар шығындары;

ә) конференциялар, семинарлар, консультациялар, көрмелер, шеберлік-кластар, дөңгелек үстелдер өткізу және педагогикалық қызметкерлердің оларға қатысуы;

б) ғылыми жобалар байқауларын (ғылыми сайыстарды), спорттық жарыстарды, зияткерлік және өзге байқауларды, сондай-ақ іс-шараларды өткізу және оқушылардың оларға қатысуы;

в) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарына жүктелген сатып алулар мен жеткізілімдердің үстінен «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде олардың электронды тасымалдағыштағы нұсқаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а.-ның 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығына сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, құралдарды және басқа да қосымша әдебиетті, оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы нұсқаларын сатып алу және жеткізу;  

г) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызығушылықтар бойынша клубтардың және үйірмелердің, оқу шеберханаларының жұмысын қамтамасыз ету;

ғ) оқу сабақтарын өткізу (дәрістер оқу), оның ішінде білім беру ұйымының штатынан тыс сырттан шақырылатын қызметкерлердің қашықтықтан сабақ өткізуі;

е) «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес оқу жабдықтарын сатып алу;

ж) мерзімдік басылымдарға жазылу;

з) Интернет қызметтері.

Жан басына нормативтік қаржыландырылатын пилоттық мектептерді қаржыландыру тәсімі

Пилоттық мектептерде білім беру үдерісін жан басына нормативтік қаржыландыру БҒМ мен жергілікті атқарушы органдары арасында келісім жасасу арқылы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу және пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Пилоттық мектептердің білім беру ортасын қаржыландыру да Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады (яғни қолданыстағы тәсім бойынша қаржыландырылады).
Яндекс.Метрика