«Қаржы орталығы» АҚ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-тармағына сәйкес тұрғындарға төмендегі ақпаратты мәлімдейді.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (бұдан әрі – МБЖЖ) қатысушы банктер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ МБЖЖ-ға қатысу үшін екінші деңгейлі банктерге қойылған Заң талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының тізіліміне сәйкес          2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жоғарыда аталған банктер депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысушылар болып табылады.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 04.01.17 ж. ақпаратына сәйкес МБЖЖ бағдарламасына қатысатын банктердің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге лицензиялары бар, сондай-ақ облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдарға ие.