"Жарқын болашақ кепілі" атты кайырымдылық акциясы жалғасын табуда

Қазіргі таңда білімді болу заман талабы. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай: «Еліміздің ертеңі жастардың қолында». Алайда сапалы білім беру әр ата-ананың қолынан келе бермесі нақ. Меруерт Елеусізова осы жандардың бірі. Бүгінде 3 баланы жалғыз асырып отырған ана, кезінде өмірдің қиын кезеңдерінде балаларын жетімдер үйіне беруге мәжбүр болған. Алайда қазіргі таңда балалары жанында. Жалғызбасты ананың ендігі уайымы - балаларының болашағы. 

Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «Жарқын болашақтың кепілі» атты акция аясында Елеусізовтар отбасында тәрбие алып жатқан 5 жасар Диасқа білім беру салымын ашты.

«Халқымыздың жақсы қасиеттерінің бірі – мұқтаж жандарға әрдайым қолұшын созу, қолдау көрсету. Бүгінгі іс-шара соның дәлелі деп білемін. Сондықтан барлық қайырымды жандарды игі іс жасап, өсіп келе жатқан балапандарымыздың білім алуына өз үлестерін қосуға шақырамын»,-деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев.

Айта кетейік, бүгінде «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардан шыққан балаларға білім беру депозиттері ашылуда.