СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ

Мемлекет басшысының студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жобаны жүзеге асыруды бастау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда қаржыландыру мәселелері шешілген. Келер үшжылдықтағы республикалық бюджет жобасында енгізілетін студенттік жатақханаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін 15 млрд. көлемінде қаржыдандыру қолдау тапты.
2018 жылдың маусымы мен қыркүйек аралығында мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін реттейтін заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша шаралар қабылданды. Нормативтік актілердің жобаларын талқылау мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.
Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Білім және ғылым министрлігінің келесі бұйрықтарының мемлекеттік тіркеу рәсімі сәтті өтті:

  • «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы;
  • «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы;
  • «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге 2019 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы;
  • «Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы.
  • Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрық мәтіндерімен келесі сілтемеге өту арқылы танысуға болады - http://www.fincenter.kz/mapkz/normativno-pravovye-akty-.php?clear_cache=Y

Барлық мүдделі тараптарды жобаны практикалық іске асыру шеңберінде белсене қатысуына шақырамыз.

Қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша

Студенттік жатақханалар құрылысы операторы –

«Қаржы орталығы» АҚ-на хабарласуларыңызға болады.

Байланыс телефондар:

8 (7172) 695-044, 8 (7172) 695-037

веб-сайт: www.fincenter.kz