2020 жылдан бастап жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімі өзгереді

Бюджет қаражатын тұтынушыға уақтылы жеткізу, мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді орналастыру үшін ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруы туралы "Білім туралы" ҚР Заңының нормасы қолданысқа енеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып "Қаржы орталығы"АҚ айқындалды.

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімі де өзгереді, оның ішінде комиссиялық шешім қабылдаудан ауысу жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі таңда тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасы әділет органдарына тіркеуге жіберілді және мыналарды көздейді:

1)        Оператор өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды;

2)        Жекеменшік мектеп өтініш пен құжаттар пакетін (білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, ҚР екінші деңгейдегі банкінде шоттың болуы туралы анықтама) ұсынады;

3)        Оператор өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жекеменшік мектептердің тізбесін қалыптастырады;

4)        Жекеменшік мектеп оператормен шарт жасасады және білім беру процесін жүзеге асырады;

5)        Оператор орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес ай сайынғы төлемдерді жүргізеді.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін жекеменшік орта білім беру ұйымында оқуға ата-ана төлемақсының шекті мөлшері белгіленеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (717) 2695 035 нөмірлері бойынша хабарласыңыздар.