"Қаржы орталығы" АҚ 2019 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында Тараз қаласында, "Атамекен" ӨКП, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ алаңдарында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөніндегі Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру және оқушы орындарының тапшылығын азайту жөніндегі мәселені шешу мақсатында "Road Show" форматындағы акциялар аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу барысында әлеуметтік нысандарды инвестициялау кезіндегі негізгі мәселелер, атап айтқанда шарттар жасасу рәсімдері, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем сомалары мен мерзімдері талқыланады.

Іс-шараға Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, инвесторлар, қонақ үй кешендері мен хостелдердің басшылары, басқа да мүдделі кәсіпкерлер шақырылды.

 

«Қаржы орталығы" АҚ жобаларын "Road Show" форматында ақпараттық сүйемелдеу аясында өткізілетін іс-шаралар бағдарламасы

       №

Іс-шара атауы

Мерзімі

 

Өткізілетін орны

1

"Қаржы орталығы" АҚ мобильді кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру (студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептер құрылысы мәселелері бойынша кеңес беру

16-17 қыркүйек,

сағ. 09.00-18.00  

Жамбыл облысы ӨКП кеңсесі

Төле би 93А, БЦ «Арай Плаза» 2-этаж

БАҚ және блогерлердің қатысуымен «Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы" тақырыбындағы брифинг

16 қыркүйек,

сағ.10.00-12.00

Жамбыл обласының орталық коммуникациялар қызметі аймақтық филиалы

3

"Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбы бойынша тақырыптық телебағдарламаларға қатысу

16 қыркүйек,

сағ.14.00-16.00

«Jambul» телеканалы

4

TedX форматында қаланың кәсіпкерлік қоғамдастығына арналған жобалардың таныстырылымы

16 қыркүйек,

сағ. 17.00-19.00

Тараз қ. коворкинг орталығы

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аймақтық филиалы және екінші деңгейлі банктер өкілдері үшін жобалардың таныстырылымы

17 қыркүйек,

сағ. 10.00-12.00

«Даму» Кәсіпкерлік дамыту қоры» АҚ аймақтық филиал офисі

"Тараз "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ мен құрылыс компанияларының өкілдері үшін жобалардың таныстырылымы

17 қыркүйек,

сағ. 15.00-17.00

«СПК «Тараз» АҚ офисі

 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

www.studdom.fincenter.kz

#RoadShow #Taraz

#Қаржыорталығы