У казахстанцев должны появиться новые возможности накапливать средства на обучение детей с получением процентных бонусов от государства.
Жаңалықтар

01

янв

"Жарқын болашақ кепілі" атты кайырымдылық акциясы...

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

Білім беру кредиттердің артықшылықтары мен салыстырмалы сипаттамасы

Қарыз алушылар үшін артықшылықтары:
1.     кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;

2.      барлық білім алу деңгейлеріне (бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіптік білім) беріледі;

3.     білім алудың барлық түрлеріне: күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу және т.с.с. беріледі;
4.     пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен;

5.     кредит мерзімі ұзақ;

6.     кредит сомасын өтеу мерзімі студенттің оқу кезеңіне және ол оқу бітіргеннен кейін 6/12 айға ұзартылады; 

7.     кепілзатсыз, кепілзаттық қамтамасыз ету кейбір ерекше жағдайларда ғана талап етіледі;

8.     кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы, оқудың құнынан аспауы тиіс;

9.     кредит сомасы қарыз алушының қолына берілмейді. Несие сомасы білім алушының қажеттілігіне қарай әр семестр/жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

10.   Кредит барлық колледждер мен ЖОО-ларда оқу үшін серіктес банктердің Қазақстанның әр ірі қаласындағы бөлімшелерде беріледі.   
  
Кредиттердің салыстырмалы сипаттамасы 


 
Тұтынушылық кредит (банктердің шарттары)
Студенттік білім беру кредиті 

Пайыздық мөлшерлемесі
Тиімді мөлшерлеме жылдық 28% дейін және жоғары 

«Кепілдік» депозитімен 15 %-дан

Қайтару мерзімі

3-5 жылға дейін 

12 жылға дейін 

Алу тәсімі

Бір жолғы

Студентке ыңғайлы болу үшін несие семестр бойынша және қажеттілігіне қарай бөліктермен аударылады. 
 

Қамтамасыз ету 

Кепілзаттық мүлік болмаған жағдайда пайыздық мөлшерлеме жоғары 

Қаржы орталығы
 
Жеңілдікті кезең 

Жоқ

Оқу кезеңіне және оқу бітіргеннен кейін 6 айға кредитті өтеу мерзімі ұзартылады 

Мерзімінен бұрын өтеу 

айыппұлсыз

айыппұлсыз

Өзге шарттар


- кредит сомасы бойынша шектеу қойылған,
- жас ерекшелігіне шектеу қойылған (21 жастан бастап),
- табысты растау 


- жас ерекшелігіне шектеу жоқ;
- жалпы, кредит сомасы бойынша шектеу жоқ;


 
 

Яндекс.Метрика