Жаңалықтар

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

01

янв

2016 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан телеарнасы "Таңш...

Деятельность

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесi «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

 

«Қаржы орталығы» АҚ жарғыға сәйкес мына бағыттарда жұмыс істейді:

1) екінші деңгейлі банктердің студенттерге беретін кредиттері бойынша кепілдік беру

        Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы       № 248 қаулысымен Қаржы ұйымдары беретін білім беру кедиттерін кепілдендіру қағидалары бекітілді.  

Осы бағдарламаның шеңберінде Қаржы орталығы кепілдендірген кредиттерді беретін еліміздің бірқатар банктерімен келісімдер жасалды.

2) бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз етеді (сенім білдірілген агенттің қызметін орындайды).

        Дарынды студент жастарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру кредиттері бойынша оқитын студенттерді мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру туралы» 2005 жылғы                     27 қыркүйектегі № 648 бұйрығымен мемлекеттік білім беру кредиті бойынша білім алатын студенттер Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларында және үшжақты кредиттік келісімдерде көзделген шарттарда мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша міндеттерді сақтай отырып, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстырылды.   

3) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі: білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етудегі жаңа ұғым.

    2013 жылғы 14 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заңға қол қойды. Осы арқылы мемлекет халыққа білім алуда қаржылық қолдаудың жаңа тәсілі – мемлекет тарапынан сыйлықақымен көтермеленетін және мемлекеттік гранттармен қатар қолданылатын білім беру жинақтарын ұсынады.

            Жүйенің негізгі мақсаты – халыққа қолдау көрсетудің жаңа қаржы-экономикалық құралын енгізу және білім алудың қолжетімділігін кеңейту.   

4) орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру.

     Жан басына қаржыландырудың операторы – «Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен жасалған шарт бойынша пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін жүзеге асырады. Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын оқушылар санына негізделіп бөлу тетігі болып табылады.

Шарттың шеңберінде «Қаржы орталығы» АҚ мынадай қызметтерді көрсетеді:

1)   республика мектептерінде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеу;

2)   жан басына нормативтік қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі тараптарға кеңестер беру және семинарлар өткізу;

3)   пилоттық мектептердегі оқушылардың қозғалысын, мектептердің ынталандыру қорының қаражатын пайдалануын және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметін мониторингілеу;

4)   білім беру процесін қаржыландыруға шығыстардың сомаларын есептеу;

5)   сынақтан өткізу барысында мектептерде туындайтын мәселелерді талдау және БҒМ-ға тиісті ұсыныстарды енгізу. 

5) «Білім туралы» ҚР Заңының шеңберінде жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру.

      Жас мамандардың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген еңбекпен өтеу немесе еңбекпен өтемеген жағдайда бюджет шығыстарының орнын толтыру бойынша өз міндеттерін орындауын мониторингілеуді және қадағалауды жүзеге асырады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

- педагогикалық, медициналық және мал дәрігерлік мамандықтар бойынша «ауылдық квота» шеңберінде (Заңның 26-б. 8-т. 3) тармақша); 

- педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде;

- философия докторларының (PhD) бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу бітірген жас мамандардың жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тиісті ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс жасау міндеттерін көздейді.

Жас мамандарды жұмысқа жіберу тәртібі, сондай-ақ еңбекпен өтеу бойынша міндеттерден босатуға негіздемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы          3 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларында көзделген.

 

«Қаржы орталығы» АҚ мекенжайы:

010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 18, 3-қабат   
тел/факс: 8 (7172) 695-060, 448-868 
mail: fincenter@fincenter.kz  
www.fincenter.kz

Алматы қаласындағы өкілдігі:

Әл-Фараби даңғ., 71 (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ бас оқу корпусы, ректорат, 1-қабат)

тел/факс: 8 (727) 317 36 30 mail: insepova@mail.ru

«Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен білім беру кредитін алу мәселелері бойынша 

тел: 8 (7172) 695-044, 695-045, 695-046, 695-047

Мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді өтеу үшін деректемелер:

БСН 050 740 000 618

IBAN KZ 696 010 111 000 029 648

БСК HSBKKZKX

Банктің БСН 950 341 000 052

ТБК 861, Кбе 17

 «Қазақстан Халық банкі»

Алушы «Қаржы орталығы» АҚ

Төлем жасау кезінде мына ақпарат дұрыс көрсетілуі тиіс:  қарызгердің тегі, аты, әкесінің аты, үшжақты кредиттік келісімнің нөмірі, борышкердің білім алған ЖОО-ның қысқаша атауы.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 448-948, 448-949, факс: 448-864 телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

«Қаржы орталығы» АҚ Заң департаменті: 

тел: 8 (7172) 695-042, 695-043, факс: 8 (7172) 695-049

 

Яндекс.Метрика