Сұрақтар-жауаптар
Жіберілуге жазылым

Жүйе туралы

Елбасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси (жаңаруының) модернизацияның жедел даму жолында» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және жоғары білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қаржы орталығы) құрылды. Аталған білім беру несиелендіруі бағдарламасының басты мақсаты Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін жоғары білім алудың қол жетімділігі болып табылады. 

      Білім беру несиелеріне кепілдік беру жүйесі ақылы бөлімдерде оқитын студенттер үшін арналған. Қаржы орталығының негізгі функциясы білім беру несиелері бойынша кепілдіктерді беру болып табылады. Несиелердің өздері тікелей екінші деңгейлі банктарға беріледі. Аталған жүйенің белсенді қатысушылары қатарына «Қазақстаннның халық банкі» АҚ мен «Тұран Әлем банкі» АҚ сияқты ірі банктар жатады. Осы банктардың филиалдық желісі арқылы оқитын тұлғалар республиканың барлық аумағы бойынша білім беру несиелерін ресімдей алады. Осындай несиені алу келесі сұлба бойынша жүзеге асырылады:

1)      Қарызгер несиені алу үшін құжаттардың қажетті пакетін банкқа тапсырады;

2)     Банк аталған несие бойынша кепілдік беру жөніндегі өтінімін Қаржы орталығына жібереді;

3)     Қаржы орталығы өтінімді қарастырып, банкқа кепілдікті міндеттемесін береді;

4)     Банк несиені қарызгерге береді.

     Дефолт болған жағдайда Қаржы орталығы банкқа кепілдікті міндеттеменің сомасын төлейді, сосын банк несиені талап ету құқығын Қаржы орталығына береді. Содан кейін Қаржы орталығы тарапынан банк алдында өзінің міндеттемелерін орындай алмаған қарызгер қатынасында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, наразылық-талап-арыз жұмысы жүргізіледі. Осылайша банктардың несиелік тәуекелдері азайады. Осының арқасында Қазақстандық тәжірибде алғаш рет несиелер оқитын тұлғалардың өзіне ең оңтайлы шарттардың негізінде берілетін болды. Кредиттер семестр үшін төленетін оқу бағасының көлемінде транштық жүйе негізінде беріледі. Кепілдік беру көлемі оқитын тұлғаның оқу үлгерімділігіне байланысты. Осылайша студенттің мотивациясы үшін өзекті болып табылатын үлгерімділік мониторингісінің механизмі орнатылады.

 

Білім беру несиелендіруі бағдарламасының даму перспективалары.

     Бүгінгі таңда, Қаржы орталығында білім беру несиелендіруінің жаңа түрлері, атап айтқанда: шетелдік оқуды өтеуге арналған несиелендіру, колледждік оқуды өтеуге арналған несиелендіру, оқу барысында шығындалатын шығындарды өтеуге арналған несиелендіру. Аталған несие түрлері банк-серіктестерімен енгізілудің үстінде.

      Біздің мақсатымыз – лайықты және сапалы білім алғысы келген барлық тұлғалар үшін жағдай жасау болып табылады.

Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды алып тастау туралы баспасөз парағы

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңына түзетулер енгізілуіне байланысты «Қаржы орталығы» АҚ білім алушылардың өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру туралы талапты алып тастады. «Қаржы орталығы» АҚ президентінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 20-О бұйрығына сәйкес Бас келісімнің үлгі нысанына тиісті өзгерістер енгізілді.


Авторландыру
 
Сұрақ-жауап
Книги какого жанра вы предпочитаете?