Сұрақтар-жауаптар
Жіберілуге жазылым

Несиені алу үшін Сізге келесі қадамдарды жасау қажет

Несиені алу үшін Сізге келесі қадамдарды жасау қажет

·Кеңес алу мақсатында серіктес-банкқа немесе «Қаржы орталығы» АҚ-на жүгіну қажет;
·Серіктес-банкқа қажетті құжаттама пакетін ұсыну қажет;
·Банктың кредиттік комитетінің оң шешімінен кейін, «Қаржы орталығы» АҚ банкқа кепілдікті міндеттемені ұсынады;
·Несие оқу орнының шотына аударылады.


Несие қарызгерге максималды сомасы жоғары оқу орнында оқылатын қалған кезең бойынша төленетін жалпы сомадан артық болмайтын кредиттік желіні ашу бойынша ресімделеді. Әдетте, банк талаптарының бірі серіктес қарызгерді және (немесе) кепілгерді тарту болып табылады, олар туысы немесе басқа да үшінші тұлға болуы мүмкін. Несиені толық оқу мерзіміне ресімдеу міндетті емес, ақшаны белгілі бір мерзімге, мысалы, 1 семестрге немесе 1 оқу жылына қарызға алуға болады. Сондай-ақ, Сіз несиені кез келген уақытта ешбір айыппұлдық санкциясыз өтей аласыз. Ақша қарызгердің үлгерімділігі расталғаннан кейін, жоғары оқу орнының шотына семестрлік негізде транш бойынша аударылуға тиіс.

Сонымен қатар, білім беру несиесін «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігі бойынша алу барысында қарызгер несиені өтеудің жеңілдік кезеңін пайдланыла алады, яғни қарызгер әр ай сайын жоғары оқу орнында тек сыйақының сомасын ғана өтейді, ал негізгі қарыздың сомасы оқу аяқталғаннан кейін алты айдан соң төлене алады.


Возврат к списку