Жаңалықтар

01

янв

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

01

янв

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы Қа...

01

янв

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Асқар Ибра...

01

янв

2016 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан телеарнасы "Таңш...

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

  • Главная
  • Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Білім беру жинақтау салымы  

БІЛІМ АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ!

Болашақ осы жерде, осы қазір басаталады!

Балаларымыздың лайықты білім алуына жағдай жасайық!  

1.jpg     

Бүгінде өзіңе не балаңның атына білім алу мақсатында жинақ шотын ашып, оны келешекте Қазақстанда да, шетелде де оқудың ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.  

   

БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ САЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ? 

Салым бойынша табыстылық        

17,5% дейін

=

Банктің сыйақысы  10%

+

Мемлекет сыйлықақысы  5% немесе 7%

 

Сонымен, білім беру жинақтау салымының бірегейлігі туралы толығырақ айтар болсақ, мұнда банктің сайақысынан (таңдалған банкке байланысты жылдық 10% -ға дейін) бөлек білім беру жинақтары жыл сайын 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшердегі сыйлықақылар түрінде мемлекет тарапынан көтермеленеді. Сонымен қатар, МБЖЖ-ның мынадай артықшылықтары бар:

  • бастапқы жарна  –  бар-жоғы 3 АЕК (5 946 тг.);

  • мемлекет сыйлықақысының есептелу кезеңі  - 20 жылға дейін;

  • білім беру жинақтау салымына есептелетін мемлекет сыйлықақысына жеке табыс салығы салынбайды

  • жеке тұлға оқудың ақысын төлеуге қажетті соманың кемінде жартысын жинаған жағдайда ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ тұлғасында мемлекеттің 100% кепілдігімен Банктен кредит алу мүмкіндігі бар.

 

Білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру қорының нысаны болып табылады, яғни салымшылардың барлық салымдары сақтандырылған және коммерциялық банк таратылған жағдайда ақша кепілді түрде салымшыға қайтарылады (бірақ 10 млн. теңгеге дейін).

 

Мысал үшін білім беру жинақтау салымы бойынша 5 және 10 жылға жинақтау үлгісін алып көрелік. 

Депозиттің мерзімі

жыл

10 жыл

Жалпы жинақталған сома

1 524 742

2 363 115

Банктің пайыздары 

10%

10%

Мемлекет сыйлықақысы 

5%

5%

Ай сайынғы төлем

16 667

8 333

Банк сыйақысының сомасы 

328 264

877 103

Мемлекет сыйлықақысының сомасы 

196 478

486 012

Салымшының жеке жарналары 

1 000 000

1 000 000


Яндекс.Метрика