Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

Әлемдегі орта білім берудің жан басына қатысты қаржыландырылуын талдау 

Қазіргі таңда білім беруге арналған ресурстарды бөлудің ең қалаулы әдісі – «ақша оқушылардың артынан ілеседі» сұлбасы болып табылатынын, яғни сұраныс негізінде қаржыландыру болып табылатынын бүкіл әлем мойындады деуге болады. Оны «қаражатты жан басына бөлу» немесе «нормативтік-бюджеттік қаржыландыру» деп жиі атайды. Қаржыландырудың бұл механизмі – қаржыландыру көлемі, ең алдымен, оқушылардың санына байланысты болады дегенді білдерді. Басқа сөзбен айтқанда, бөлінетін қаражаттың мөлшері әрбір оқушыны тиісті сападағы біліммен қамтамасыз ету үшін оқу орнының қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Ұлыбритания

Ұлыбританияданормативтік-жан басына қатысты қаржыландыру – мектептерге оқушыларды қабылдаудың қаржылай ынталандырмасын ұсынады және ата-аналарға мектепті таңдау мүмкіндігін береді. Үкімет сынақтар мен емтихандардың нәтижелерін жария етумен және мектептерді жүйелі түрде тексерумен, тексеру есептерін жария етумен бірге ұлттық тестілеу жүйесін, ұлттық білім беру стандарттарын енгізген, бұл – сапа көрсеткіштері жоғары мектептерді оқушылар үшін аса тартымды етеді.

Британдық жүйеде мектеп өз бюджетіне тікелей иелік етеді. Орталықсыздандырылған шешім қабылдау үдерісінің қатысушылары және бақылаушылары келесілер болып табылады:

- мектептің басқару органы(кеңес) – мектепті басқару ісіне жауап береді, ағымдағы басшылық ету бойынша жауапкершілікті мектеп директорына табыстайды;

- мектеп әкімшілігі (кадрсаясаты);

- ата-аналар (кеңес мүшелерін сайлайды);

- жергілікті басқару органдары(үкіметпен белгіленген шектерде жалпы бюджетті бөледі, арнайы бағдарламалар, стандартттар, оқушыларды қабылдау саясаты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, негізгі қызметтер және т.б. үшін жауап береді);

- іскерлік қоғамдастық (кадрлар даярлау үдерісіне қатысады, мектеп кеңесінде өкілдері болады).

Мектептер өз жұмысының нәтижелері туралы деректерді жариялайды. 

Ұлыбританиядағы жан басына қатысты қаржыландыру формуласының компоненттері келесілер болып табылады:

- базалық қаржыландыру – мектеп бюджетінің80%-ы– оқудың жас тобының ескерілуімен бір оқушыға есептелген қаржыландыру сомасы (жалақыға жұмсалатын шығындар және оқушылардың санына байланысты шығыстар). Қаржыландыру көлемі оқушының жас тобына байланысты боладыжәне жыл сайын ұлғайып отырады. Ең жоғары 1,94 коэффициентін 16-18 жастағы жас тобының оқушылары иемденеді;

- оқытудағы қосымша қажеттіліктер – мектеп бюджетінің 5%-ы(оқушылардың тамақтануы, үлгерімі). Қосымша қажеттіліктерді қаржыландыру – мектептегі осындай қажеттіліктері бар балалардың үлесіне қарай орын алады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктері бөлек  мөлшерлемелер бойынша қаржыландырылады;

- мектептердің ерекшеліктері – мектеп бюджетінің 14%-ы(оқушыларының саны шағын мектептердің қосымша қажеттіліктерін қаржыландыру). Мұндай мектептердегі мұғалімдер жалақысының нормативі, әдетте, орташадан жоғары деңгейде белгіленеді.

Шағын мектептерді қосымша қаржыландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: 1) оқушылардың іс жүзіндегі және нормативтік санының арасындағы айырма түрінде қосымша ресурстарды ұсыну; 2) мектептерге белгілі ақшалай сома ұсынылады.

Қосымша қаржыландыру көлеміне сондай-ақ мектептің ғимаратын ұстауға жұмсалатын шығындар да енгізілген(шағын мектептерді қаржыландырудың жалпы сомасының шамамен 7%-ы).

Мектептердің қызметкерлері жалақысының мөлшерлемелері мемлекеттік деңгейде белгіленген, бірақ мектеп әкімшілігі қосымша төлемдердің мөлшерін анықтауға құқылы. Жалақының мемлекетпен қаржыландырылуы орташа мөлшерлемелер бойынша жүреді, бірақ мектептер, әдетте орташа деңгейден жоғары болатын іс жүзіндегі жалақыны төлеуі тиіс. Мемлекет жалақының орташа және іс жүзіндегі деңгейінің арасындағы айырманы оқушыларының саны аз (330 адамға дейін) немесе оқытушыларының саны аз (12 адамға дейін) мектептер үшін ғана өтемдейді, барлық қалған мектептер қаражатты өз бетінше табуы тиіс.

Педагогтардың еңбекақысын төлеу және оларды ынталандыру жүйесі контингенттің санына және әрбір нақты педагогтың білім беру үдерісінің сапасына байланыстырылмаған. Мұғалімдердің еңбекақысын олардың сапасы бойынша саралау туралы ұсыныс Англияда қолдау таппады, өйткені мұндай тәсілдеме мектеп ұжымдарындағы психологиялық климатқа кері әсерін тигізді.

Жан басына қатысты қаржыландыру енгізілгеннен кейін Англияда шағын ауылдық мектептердің мәселесі шиеленісе түсті, олар кез-келген есептеу формуласы жағдайында «ұтылғандар» тобында қалды. Осыған байланысты, білім беру саласындағы жергілікті билік органдарына – оқушыларының саны 200 адамнан аспайтын бастауыш мектептерді бұл сұлбадан алып тастап, оларды жергілікті билік органдарының қаржыландыруына қалдыруға рұқсат етілді.

Жан басына қатысты қаржыландыруды енгізудің нәтижесіндеАнглия мектептерінде мыналар орын алды:

·      оқытудың қаржыландырылуын ұлғайту мақсатында операциялық шығындардың қысқартылуы;

·      қызметкерлерді келісімшарттық негізде жалдаудың артуы;

·      оқытушылар негізгі қызметіне баса назар аудара алуы үшін көмекші қызметкерлердің көбірек жалдануы.

Кері салдары:

·      мектептің беделін түсірудің алдын алу үшін «ыңғайсыз» оқушылардың мектептен шығарылуы;

·      бастауыш және орта мектептің арасында ресурстардың әділ бөлінбеуі.


Америка Құрама Штаттары

Базалық қаржыландырудың шамасы білім беру деңгейіне қарай (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) түзетілуімен әр оқушыға арнап есептеледі. АҚШ-та бастауыш мектепте қарқынды оқыту саясаты жүргізіледі, бұл – кейіннен оқытудың келесі сатыларында шығындардың қысқаруына жағдай жасайды.

Әрбір штат оқушыларды есепке алу әдісін өзі таңдайды.

Қаржыландыру формуласы оқытудағы қосымша қажеттіліктерді, жекелеген пәндердің тереңдеп оқытылуын, орналасу ерекшеліктерін және мектеп ғимараттарын есепке алады.

Англиядағы қаржыландыру жүйесімен салыстырғанда, АҚШ-та мектептер қаражат бөлуге қатыспайды, өйткені округ мектептерінің басым көпшілігінде банк шоттары болмайды. Мектеп директоры тек мекеменің тіршілік ету мәселелеріне, яғни ғимарат пен материалдық базаны ұстау мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қаржыландыру толығымен округтық инстанциялармен қамтамасыз етіледі. Қаржыландыруды бөлуді қамқоршылық кеңестері жүзеге асырады.

 Австралия

Австралия штаттарында білім беру ісіне жауапты жергілікті органдар стратегиялық реттеу орталықтарына қайта құрылымдалған.

Австралиядағы білім беруді қаржыландыру жүйесі қазақстандық үлгіге ұқсас: елдің бюджетінен (мемлекеттік бюджеттен) жалпы және мақсатты гранттар (Қазақстанда – трансферттер) түріндегі қаражат штаттардың арасында бөлінеді. Штаттың бюджетінен қаражат мектептерге келіп түседі. Штаттар мектепті қосымша қаржыландыра алады. Австралия үкіметі әр жыл сайын 30 млрд. доллардан артық соманы бастауыш және орта мектептерге жұмсайды.

Мектептердің иелігіне жалпы бюджеттің 87%-ы келіп түседі. Тек 5%-ы білім беру органдарының аппаратын ұстауға жұмсалады, 8%-ы – қалыпсыз шығындар (оқушыларды тасымалдау төлемі, кедей отбасыларға мектеп киімі мен кеңсе тауарлары үшін демеуқаржы, логопедтердің, психологтардың ақысын төлеу).

Виктория штаты

Жан басына қатысты қаржыландыру үлгісіне өту 20 жыл бойы жүзеге асырылды.

Виктория штатында білім беруге арналған бюджеттің 90%-ы мектептердің иелігіне беріледі. Мектеп кеңестері мектеп жарғысына сәйкес өз бюджеттерін бекітеді, олардың жұмсалуына жауап береді.

Жан басына қатысты қаржыландыру 3 компонентке бөлінеді:

- базалық қаржыландыру (бір оқушыға есептелген). Оқытудың әртүрлі сатылары үшін қосымша сараланған мөлшерлемелер бар: оқудың алғашқы екі жылы үшін мөлшерлеме – 3-4 сыныптағылармен салыстырғанда жоғары. 5-сыныптан 12-сыныпқа дейін қаржыландырудың үдемелі шәкілі енгізіледі (пәндердің саны, күрделілік, тереңдеп оқыту, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық артады);

- тереңдетілген бағдарламаларды қаржыландыру. Мектеп бюджетінің 2,3%-ы мақсатты бағдарламаларға жұмсалады (пәндерді тереңдеп оқу, аборигендердің балаларына арналған бағдарлама, мұғалімдердің біліктілігін арттыру);

- даму мүмкіншіліктері шектеулі оқушылардың және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан оқушылардың қажеттілігін қосымша қаржыландыру;

- мектептердің көлеміне (оқушыларының санына) қарай қаржыландыруды түзету. Оқушыларының саны 200-ден кем және оқушыларының орташа саны 500-ден кем бастауыш мектептерге қосымша қаржыландыру ұсынылады;

- мектепті мұғалімдермен, басқа қызметкерлермен қамтамасыз етуге арналған шығындарды, көлік шығыстарын жабу үшін ауыл мектептерін қосымша қаржыландыру. Шығыстар ауыл мектептері индексінің көмегімен бағаланады.

Мектеп ғимаратын пайдалануға жұмсалатын шығындар мектептердің жалпы шығындарының шамамен 5%-ын құрайды (үй-жайларды жиыстыру, коммуналдық төлемдер, ғимараттарға қызмет көрсету, ұсақ жөндеу).

Тасмания штаты

Тасмания штаты ресурстарды бөлу бойынша жан басына қатысты тәсілдемеге алғашқы болып өтті. 1998 жылға қарай қаражаттың негізгі үлесі (қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді қоспағанда) төрт элемент бойынша мектептердің иелік етуіне бағыттала бастады: жалпы қаржыландыру, ғимараттарды ұстауды қаржыландыру (операциялық шығындар), коммуналдық шығындар және оқушыларға қосымша көмек.

Мектеп бюджеті сомасының шамамен 67%-ы базалық жан басына қатысты қаржыландыруға, 25%-ы – оқудағы әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға және 8%-ы – ауыл мектептеріне қосымша жәрдем көрсетуге тиеді. Қаржыландыру мөлшерлемелері оқу сатысына қарай ұлғайтылады: бастауыш мектептер (1-6 сыныптар) үшін 1.00, 7-10 сыныптар үшін 1.25, ал 11-12 сыныптар үшін 1.45.

Операциялық шығындар келесі жолмен бөлінеді: 40%-ы ғимаратқа (санатына қарай), 45%-ы бір оқушыға есептеу бойынша, 7%-ы – оқытудағы қосымша қажеттіліктерге, 8% - ауыл мектептеріне жәрдем.

Ауыл мектептеріне ұсынылатын қосымша ресурстардың сомасы жақын жердегі қалаға дейінгі қашықтықпен және мектеп орналасқан елді мекеннің көлемімен анықталады.

Канада

Канада мектептерін қаржыландыру – мектеп округтерін қозғамастан, тікелей провинция (штат) бюджетінен келеді. Мектептер жеке бюджетін басқаруда дербес болып табылады.

Базалық қаржыландыру шамасы оқу сатысына қарай түзетілуімен бір оқушыға арналған есеп бойынша есептеледі: жан басына қатысты нормативтің мөлшері бастауыш мектепте көбірек болады.

Қаржыландыру үлгісі сондай-ақ оқытудағы қосымша қажеттіліктерді ескереді:

- жекелеген пәндерді тереңдеп оқыту;

- жолақыны өтемдеу және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жәрдемақы;

- орналасқан жерінің ерекшеліктері (мектептердің ірі әкімшілік орталықтарынан алыстығы).

Жан басына қатысты қаржыландыру үлгісінің енгізілуі Канаданың білім беру жүйесі үшін жаңартпа болып табылады. Өзінің жаңалығына қарамастан, қолданылатын формулалар әсерлі болып табылады және қажетті критерийлердің басым көпшілігіне сәйкес келеді.

Ресей Федерациясы

Ресей мектептерінде нормативтік-жан басына қатысты қаржыландыру мектеп қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесімен және мектептерге қаржы-шаруашылық дербестіктің берілуімен қатар іске асырылуда. Кең ауқымды пилоттық жоба ретінде мектептерді жан басына қатысты қаржыландыру қағидаты бірқатар өңірлерде 2007-2009 жылдары енгізілген болатын. Пилоттық жобаға Ресейдің 31 өңірі қатысты. Үш жылдың ішінде жобаны іске асыруға келесілер тартылды:

- шамамен 5 млн. оқушы (40%-ға жуық),

- шамамен 20,5 мың мектеп (40%),

- білім беру саласының 800 мың қызметкері, соның ішінде 450 мың мұғалім (35%).

Қазіргі уақытта Ресейдің барлық мектептері нормативтік-жан басына қатысты қаржыландыруға ауыстырылды.

Ресейде мектептер – бюджеттік немесе дербес (байқау немесе басқару кеңесімен) білім беру мекемелері (мектеп құрылтайшысын және басшылығын таңдау бойынша) болып табылады, олар дербес қызметті жүзеге асырудың зор мүмкіндіктерін иемденеді.

Ресей мектептерінің білім беру үдерісі орталық бюджеттен, ал білім беру ортасы – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

Жан басына қатысты нормативтің мөлшері оқыту деңгейлері бойынша өзгешеленеді (оқыту сатысы неғұрлым жоғары болса, жан басына қатысты норматив те соғұрлым көбірек болады).

Ресейдегі жан басына қаржыландыру формуласы оқушылардың санын ғана емес, сонымен қатар аймақтық ерекшеліктерді (қосымша коэффициенттер түрінде), ШЖМ үшін қосымша коэффициенттерді және жекелеген пәндердің тереңдеп оқылғаны үшін, үйдегі оқыту үшін қосымша қаржыландыруды ескереді.

Мектепке қаражат бөлу – баптар бойынша бөлусіз «біртұтас сомамен» жүзеге асырылады. Мектеп басшысы алынған қаражатты пайдалану бағыттарын өзі анықтайды және мектептің міндеттеріне сәйкес бюджеттік жіктеу баптары бойынша смета қалыптастырады. Мектеп басшылары қаражат үнемдеуге құқылы және мұндай қаражат бюджетке алусыз қалдырылады.

Жалақы құрылымында қызметақыдан басөқа, жұмыс сапасы үшін ынталандыру төлемдері бар (ЕАТҚ-ның 30%-ынан кем емес). Оларды мектептің басқарушы кеңесі бөледі.

Мәскеу қ.

Оқу қызметін стандарттау және орталықтандыру, есеп қызметіне мониторинг жасау сапасын арттыру, шығындарды оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ жалақы есептеу мен бухгалтерлік есепті жүргізу бөлігінде бюджеттік мекемелердің есеп қызметін жүргізуінің сапасын арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап Мәскеу қаласында бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебі мен қызмет көрсетуін орталықтандырылған бағдарламалық шешімге аудару жобасы іске асырылуда.

Бюджеттік есептің әмбебап автоматтандырылған жүйесі (әрі қарай – БЕ ӘААЖ) немесе «бұлтты бухгалтерия» құрылды, оның мақсаты – бағдарламаларды қолдау мен лицензиялау шығындарын қысқарту, сондай-ақ мекемелердің қала үкіметімен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру болып табылады.

БЖ ӘААЖ бағдарламалық жасақтамасы Ақпараттық технологиялар департаментінің дата-орталығында (Мәскеу қ. атқарушы билік органы) орналасқан және ұйымдардың серверлеріне орнатуды қажет етпейді, бұл ретте енгізу және техникалық пайдалану – білім беру ұйымының ресурстарын тартусыз жүзеге асырылады.

БЖ ӘААЖ жүйесі бухгалтерлік есеп жүргізудің кеңінен тараған платформасын пайдаланады.

Мәскеу қ. БЖ ӘААЖ жүйесін пайдаланушылар: мектепке дейінгі және білім беру мекемелері, спорт мектептері, клубтар мен секциялар, Мәдениет сарайлары, Халықты әлеуметтік қорғау департаментінің мекемелері, Мәскеу қ. әкімшілік округінің префектуралары (Мәскеу Үкіметіне бағынатын Мәскеу қ. атқарушы билігінің аумақтық органы) және басқармалар (әкімшілік округ префектурасына бағынатын Мәскеу қ. атқарушы билігінің аумақтық органы).

Армения

Армения – орталықсыздандырлған жан басына қатысты қаржыландыру жүйесін пайдаланатын, экономикасы өтпелі тағы бір ел болып табылады: 300-ден астам пилоттық мектепке дербес мекемелердің жаңа заңды мәртебесі берілді және олар бір оқушыға есептелген біржолғы төлем нысанында қаржыландыру алады. Сұлбасы аса қарапайым – қаржыландыру көлемі мектептің орналасқан жері мен оқушыларының санына ғана байланысты. Басында кейбір мәселелердің туындағанына қарамастан, мектептер жаңа икемді тәсілдемені және өздерінің дербес мәртебесін белсенді түрде пайдалануда.

Грузия

Сыбайлас жемқорлық бөлігін қысқарту мақсатында және білім беру сапасын жақсарту үшін 2005 жылы Грузияда білім беру жүйесін реформалау басталды.

Реформаның негізгі элементтері келесілер болып табылады:

- мектепавтономиясы. Грузиядағы мектептер мемлекеттік дербес заңды тұлғаларға айналды, оларды басқаруды қамқорлық кеңестері жүзеге асырады. Жергілікті білім беру департаменттерінің орнына – деректер жинау, мектеп қызметкерлері үшін оқыту мен семинарларды ұйымдастыру және мектеп кеңестерінің қызметін бақылау ісіне жауап беретін жергілікті Білім беру Ресурстық орталықтары (ERCs)келді;

- бюджеттікавтономия. Дербес мектептерді қаржыландыру – жергілікті билік органдарын қозғамастан, тікелей елдің орталық бюджетінен жүзеге асырылады. Муниципалитет жекелеген мектептердің арасындаақшалай қаражаттарды қайта бөлу мүмкіндігін иемденбейді;

- әр 5 жыл сайын мектептерді аккредитациялау және мұғалімдерді лицензиялау (педагог қызметін жүзеге асыруға арналған сертификатты алу).

2010 жылдан бастап Грузияда оқытатын пәнін білуі және педагог машықтарын иемденуі бойынша емтиханды тапсырған мұғалімдерге (емтихан тапсыру ерікті болып табылады) 8 жыл мерзімге кәсіби педагогсертификаты беріледі. Емтихан тапсырғандар жалақының өсуіне және басқа артықшылықтарға қатысты құқықты иемденеді(жалақыға үстемеақы 75 лари, немесе шамамен $40, жүктемені бөлген кезде сағаттар алдымен сертификацияланған мұғалімдердің арасында бөлінеді).

Мұғалімдер сондай-ақ ағылшын тілі мен компьютерді білу бойынша емтихан тапсыруға ерікті түрде өтінім бере алады және одан ойдағыдай өткен жағдайда жалақысына 200 лари немесе$90мөлшерінде үстемеақы ала алады. Шет тілдерін оқытатын мұғалімдердің көмекшілері – тіл иелері болады.

Екі емтиханды да тапсырған және ең табыстылардың 25%-ы қатарына қосылғанпедагогтардың жалақысыайына 1000 ларигенемесе$450мөлшеріне дейін өседі.

Реформа кезінде мұғалімдерге арналған емтихандардың нәтижелері көңіл көншітпеді: 1) 2013 жылы физикадан арнайы емтихандарды мұғалімдердің 96%-ы, математикадан– педагогтардың85 %-ы, химиядан - 82%-ы, тарихтан- 57%-ы, географиядан- 49%-ы тапсыра алмады; 2) 2014 жылы емтихан тапсырған 15 500-ге жуық мұғалімнің 17,5%-ы ғана ойдағыдай тапсырды.

Қазіргі уақытта мұғалімнің жұмысын бір жыл бойы бағалауды, сыныптың жетістіктерін бақылауды, мектептің педагогқа қоятын бағасын, өзңнңғ оқытатын пәнін мұғалімнің білуіне қатысты сынақтарды қоса алғанда, барынша икемді критерийлерге негізделген жаңа аттестациялау жүйесі әзірленуде және бұл – Грузия билігінің пікірінше, педагогтарды «мансаптық даму сұлбасына» «қосады»(бір санаттан басқа бір санатқа өту, даму және қаржылық уәждеме).

- мектеп директоры қызметіне кандидаттар үшін мемлекеттік емтихандар. Сертификациялық емтиханға мектептердің директорлары да тартылады. Емтихандардың мақсаты – тестілеу және сұхбаттасу жолымен оқу орындарының басшысы лауазымына білікті мамандарды тарту болып табылады. Егер кандидат баллдардың ең көп мөлшерінің 60%-ын алса, емтихан тапсырылған болып есептеледі. Осыдан кейін ол сұхбаттасудан өтеді. Екі кезеңнен де ойдағыдай өткендер тиісті сертификаттар алады,ал бұл – оларға мектеп директоры лауазымына арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

Жан басына қатысты қаржыландыру (ваучерлер):

Грузияда ваучерлік қаржыландыру формуласы 2006 жылғы қаңтар айынан бастап енгізіле бастады(2005/06 оқу жылы). Грузияның Білім министрлігі келесі мақсаттарда апробация жүргізусіз ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізді: 1) сыбайлас жемқорлықпен күресу(пилоттық бағдарламаны енгізген жағдайда, жергілікті билік осы деректі пайдаланып, мемлекеттік қазынаны «тонауды» жалғастырар еді); 2) жаңа қаржыландыру жүйесін жаппай енгізген кезде формуланың қателіктері мен кемшіліктерін анықтау оңай болады.

Орталық бюджеттен ұсынылатын ваучер мектептердің барлық шығындарын (100%)жабады. Мектептер ваучерге енгізілмеген күрделі шығындарды қоса алғанда, орталықтан қосымша қаржыландыру алуы мүмкін.

Ваучердің көлемі мыналарға байланысты:1) мектептің көлеміне(оқушылардың санына – оқушылар неғұрлым көп болса, ваучерде соғұрлым кем болады) және2) білім беру деңгейіне (9-12сыныптардағы ваучердің мөлшері 1-8 сыныптармен салыстырғанда жоғарырақ). Жекемнешік мектептер үшін ваучердің мөлшері (құны)бір сомамен белгіленген және мемлекеттік мектептер үшін белгіленген ваучердің мөлшерінен (құнынан) едәуір төмен, сондай-ақ оқушылардың саны мен білім беру деңгейіне байланысты болмайды.

Мектептерге тиімді жұмыс істеуі үшін біржолғы сома ұсынылады (жылына $ 5,6 мың доллардан $ 26,7 мың долларға дейін, мектептегі оқушылардың санына қарай(оқушылары неғұрлым көп болса, сомасы соғұрлым кем болады)). Жекеменшік мектептерге біржолғы базалық сома бөлінбейді.

Оқушыларының ерекше қажеттіліктері бар арнайы мектептер жылына  қосымша түрде $2,4 мыңдоллардан$ 9,6 мың долларға дейін алады.  Инклюзивті сыныптардағы балалар ваучерден басқа қосымша қаржыландырылмайды.

Формулада этникалық азшылықтарға, білім беру деңгейіне қарай мектеп-интернаттарға арналған мектептерді қосымша қаржыландыру коэффициенттері бар. 

Ваучер бойынша көзделген сомадан көбірек қосымша қаражатты қажет ететін мектептер (оқушыларының саны аз, ауылдық немесе биік таулы өңірлердегі), Білім беру министрлігінің арнайы комиссиясының шешімімен қосымша қаржыландырылуы мүмкін.

Қаржыландырудыңваучерлік жүйесін енгізу барысында Білім беру министрлігі мектептер желісін оңтайландыруды жүргізді. Оңтайландыру барысында мектептердің саны 2004/05 жылдардағы3167 адамнан, 20012/013жылдарда 2084 адамға дейін қысқарды(мақсатты көрсеткіш – 1800 мектеп). Атап айтқанда, көптеген шағын жинақты мектептер жабылды.

Мектептерді оңтайландыру – қаржыландыру деңгейі жеткіліксіз мектептердің санын азайтудың есебінен ваучерлік жүйенің енгізілуін оңайлатты.

Оқушыларды шалғай аудандарда орналасқан мектептерге тасымалдап жеткізу мәселесін Грузия Білім министрлігі барлық мектептерді автобустармен тегін қамтамасыз ету арқылы 2013 жылғы қаңтар айында шешті. Оқушыларды тасымалдап жеткізумен байланысты қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық шығындарды министрлік көтереді. Тасымалдау – мамандандырылған мектептер мен инклюзивті білім беретін мектептерде басты мәселе болып қалуда, өйткені үйде оқытуды қамтамасыз ететін мұғалімдер үшін көлік жоқ, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар – физикалық мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін көлік жоқ.

Мектептер желісін оңтайландыру мен жан басына қатысты қаржыландыруды реформалаудан басқа, Грузия Үкіметінің өзге бастамаларының арасында – деректер жинау мен оларды тексеруді жақсарту жөніндегі шараларды қолға алу болды. Қабылданған оқушылар туралы мекептерден ақпараттың жиналуы және осындай деректердің Азаматтық тізілім агенттігімен тексерілуі нәтижесінде, БҒМ-де екі рет қайталанған немесе қате есептелген 40 000 оқушы (мектеп оқушыларының жалпы санының 7,8%-ы)туралы деректер анықталды. Бұл жағдай оқушылардың саны туралы қате деректермен байланысты мектептерге бұрын тағайындалған ақшаны босатты.

Анықтама ретінде: Грузияның бұрынғы білім министрі Димитрий Шашкинидің хабарлауынша, 2015 жылғы 18 мамырда Грузияның бұрынғы Премьер-МинистріНика ГилауриҚазақстанның Премьер-Министріменжәне Қазақстанның Вице-Премьерімен кездескен. Кездесуде Қазақстан (ҚР БҒМ институттарының бірі атынан) мен «Реформатикс» компаниясы арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық бойынша келісімшарт жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген (келісімшарт сомасы – айына30 000 мың АҚШ доллары, мерзімі 12-18 ай).

Молдова

Молдовада жан басына қатысты қаржыландыруды апробациядан өткізу 2009 жылы2ауданда (Рискани, Каушан)басталып, 3 жыл бойы жалғасты.

2012 жылдан бастап қаржыландырудың жаңа әдісін апробациядан өткізуге жаңа өңірлер қосылды: Криулени, Кантемир, Калараши, Ниспорени, Тараклия, Стефан Вода, Глодени, Леова, Сингерей, Мун.БалтижәнеМун Чисинау.

Жан басына қатысты қаржыландыру бойынша есеп 2формула бойынша жүргізіледі (формулалар өте ыңғайлы, бірақ олар оқу спецификасы мен мектептің орналасқан жерін ескермейді). Біріншіформула (аудан формуласы)бойынша есеп Министрлік деңгейінде жүргізіледі, ол жергілікті атқарушы органдарға (әрі қарай – ЖАО) қаражат бөледі, ал екіншісі бойынша (мектеп формуласы) – есеп ЖАО деңгейінде жүргізіледі, олар ақшаны мектептерге бағыттайды.

Апробация барысында ШЖМ қарапайым мектептерден гөрі көбірек қаражат алатыны анықталды. 2012 жылы ШЖМ үшін формула түзетілді. Егер бастауыш мектептерде орташа есеппен 41 оқушыдан кем болса жәен жоғары сыныптарда – 91 оқушыдан кем болса,формула бойынша қаржыландыруды есептеу үшін азырақ индекс пайдаланылады.

Мектепке қаржы қаражатының 95%-ы ғана бағытталады, 5%-ы ЖАО шотында қалады (егер қаражат жетіспейтін болса, 5% мөлшеріндегі қалдық мектепке беріледі). Қалған 5%-ы пайдаланылмаған жағдайда, осы мөлшерде келесі қаржы жылында қаржыландыру көлемі азаяды.

Апробация барысында 2010 жылы Молдовада келесі мәселелертуындады:

- қаржыландырудың жетіспеуі;

- ШЖМ болуы.

Бұл мәселелерді шешу үшін 103%мөлшеріндегі қаражатты бағыттау туралы шешім қабылданды, оның 100%-ы– мектепке, ал 3%-ы– ЖАО-ға.

Пилоттық мектептердің 96%-ы директорларының пікірінше, апробацияның оң нәтижелері келесілер болып табылады:

- бюджет қаражатын жұмсаудың айқындығы;

- қаражаттың не нәрсеге жұмсалатынынан мектеп директорлары мен  бухгалтерлердіңхабардарболуы;

- мектептер автономиясының дамуы;

- білім сапасының артуы;

- әділ жасақталуы (сыныптар санының азаюы, тиісінше сыныптардағы оқушылар санының ұлғаюы).

Жан басына қатысты қаржыландыруды толық ауқымда енгізу барысында кейбір ШЖМ жабылды.

Молдовада апробация барысында кездескен бірқатар мәселелер:

- кейбір ШЖМ-ның жабылуы жағдайында оқушыларды тасымалдау;

- формула бойынша есептелген қаражат мектептерге мүлдем жетпейді. Бөлінген қаражат мектепті жөндеуге, әкімшілік қызметкерлердің жалақысына арналған қажеттіліктерді ескермейді. Кейбір мектептер түстен кейін жарық пен суды сөндіруге, әкімшілік қызметкерлерді қысқартуға, мұғалімдердің жалақысын, тіпті жоғары деңгейі бар және марапатқа ұсынылған мұғалімдердің жалақысын азайтуға мәжбүр.

Молдовада жан басына қатысты қаржыландыру сапасын жақсарту үшін мынадай ұсыныстар жасалуда:

- 100% айқындық: 1) Білім беру министрлігінің, ЖАО-ның сайттарында және мектептерде бюджеттен бөлінген қаражат туралы және кейінгі шығындар туралы толық ақпаратты орналастыру; 2) ақшалай қаражаттың қозғалыстары мен білім беру сапасын қадағалап отыратын ата-аналар комитетін құру;

- директорлар мен бухгалтерлердің біліктілігін арттыру үшін қаражат бөлу(қаржылық сауаттылық және бюджетті жоспарлау);

- білім беру сапасын бақылау мақсатында мектептерге дербестік ұсыну аясында ата-аналар комитетін құру және білімін тексеру бойынша сынақтар жүргізу.

Яндекс.Метрика