Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

Кредиттік технологияның ескерілуімен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері бойынша жан басына қатысты қаржыландырудың енгізілуін әдістемелік қамтамасыз ету және мониторинг жасау.

Білім берудің барлық деңгейлері бойныша жан басына қатысты қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен жобаларды кеілісімдеуге жәрдемдесу.

Білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін көшпелі кездесулер мен сабағаттық семинарлар түрінде жан басына қатысты қаржыландыруға өту мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде Астана қаласындағы «Қаржы орталығы» АҚ базасында.

Жан басына қатысты қаржыландыруды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы деректерді жинау, мониторинг жасау және талдау (оқушылардың/тәрбиеленушілердің қозғалыстары, апробация кезеңінде білім беру ұйымдарында туындайтын мәселелер, жан басына қатысты қаржыландыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану бағыттары).

Білім беруді жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды есептеу.

Қазақстанда пайдаланылатын жан басына қатысты қаржыландыруды іске асыру тәсілдемелерін қолданудың себептері мен салдарын талдау негізінде болжалды тәуекелдердің ескерілуімен, ағымдағы экономикалық жағдай барысында пилоттық ұйымдарды жан басына қатысты қаржыландырудың қолданыстағы әдістемелік тәсілдемелерінің өзектілігін бағалау, соның ішінде еліміздің экономикалық мүмкіншіліктерімен салыстыру жолымен. 


Яндекс.Метрика