Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

accounting.jpg

Қаржыландырудың жан басына қатысты нормативінің мөлшерін есептеу үшін Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесі (әрі қарай – Әдістеме)әзірленді.

Білім беру үдерісі мен білім беру ортасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен нақты мектепке бөлінетін ақша қаражаттарының көлемі осы мектепте оқитындардың санына байланысты болады және Әдістеме бойынша есептелген жан басына қатысты нормативті осы мектепте оқитындардың санына көбейту жолымен (білім беру деңгейіне, мектептің орналасқан жеріне қарай)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (әрі қарай – БҒМ)анықталады.



Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында 1 тәрбиеленушіге арналған шығындарды есептеу.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы білім беру үдерісін қаржыландыру көлемін есептеу барысында Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру әдістемесі келесілерді ескереді:

·      қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры; 

·      оқу шығындары;

·      ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;

·      ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;

·      интернетке арналған шығындар;

·      күрделі шығындар;

·      банкқызметтері.


Орта білім беру ұйымдарында 1 оқушыға қаржыландырудың жан басына қатысты нормативін есептеу барысында Әдістеме келесілерді ескереді:

·       қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры; 

·       педагог қызметкерлерді ынталандыру қоры; 

·       оқу шығындары; 

·       ағымдағы жөндеуге арналған шығындар; 

·       ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау; 

·       интернетке арналған шығындар(жекеменшік мектептер үшін); 

·       күрделі шығындар; 

·       банкқызметтері.


Радиациялық қауіп пен экологиялық қасірет аймақтарында орналаспаған мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы қала мектебі үшін 2019 жылға жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі

Радиациялық қауіп аймағында орналасқан мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы қала мектебі үшін 2019 жылға жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі

Экологиялық қасірет аймағында орналасқан мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы қала мектебі үшін 2019 жылға жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі



ТжКБ ұйымдарында 1 оқушыға қаржыландырудың жан басына қатысты нормативін есептеу барысында Әдістеме келесілерді ескереді:  

·      қызметкерлергееңбекақы төлеу қоры; 

·      оқу шығындары; 

·      пошта және телефон байланысы, интернет қызметтері; 

·      ағымдағы жөндеуге арналған шығындар; 

·      коммуналдық қызметтер; 

·      ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау; 

·      банк қызметтері.


Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқыту құнының есебі: 

·      қызметкерлергееңбекақы төлеу қоры; 

·      оқу шығындары; 

·      ағымдағы жөндеуге арналған шығындар; 

·      ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды ұстау;

·      пошта және телефон байланысы, интернет қызметтері; 

·      коммуналдық қызметтер; 

·      банк қызметтері.




Жаңа жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі 2019 ж.

28.12.2018

Жаңа жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (радиация) 2019 ж.

28.12.2018

Жаңа жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (экология) 2019 ж.

28.12.2018

Жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі 2019 ж.

28.12.2018

Жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (радиация) 2019 ж.

28.12.2018

Жеке меншік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (экология) 2019 ж.

28.12.2018

Мемлекеттік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі 2019 ж.

28.12.2018

Мемлекеттік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (радиация) 2019 ж.

28.12.2018

Мемлекеттік мектептерге арналған жан басына шаққандағы нормативін есептеу алгоритмі (экология) 2019 ж.

20.12.2018
Яндекс.Метрика