Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап республикамыздың 4 облысындағы (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан) 50 пилоттық мектепте жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудың апробациясы (әрі қарай - апробация) басталды, 2014 жылғы 1 қаңтарда апробацияға Ақмола облысының 13 мектебі енгізілді, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық жобаға тағы 10 мектеп енгізілді: Астана қаласында (5 мектеп), Алматы қаласында (5 мектеп).

Республикамыздың толық жасақталған мектептерінің барлығында жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізудің талдауын қалыптастырған кезде «ұтылған» мектептердің негізгі үлесі (қолданыстағы сметалық қаржыландырумен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің азаюы) – ауыл мектептеріне тиесілі болғаны анықталды. Бұл – ауыл мектептерінің іс жүзіндегі толтырылуы жобалық қуаттылықтан төмен болуымен түсіндіріледі және келешекте ауыл мектептері контингентінің динамикасы – кері болмақ. Сонымен қатар, жобалық қуаттылығы да қала мектептерінің жобалық қуаттылығымен салыстырғанда шағын болып табылады (мектептегі оқушылар неғұрлым аз болса, оларды ұстау да қымбатырақ болады).

Кем қаржыландыру тәуекелдерін болдырмау мақсатында Мемлекет басшысы (2018 жылғы  10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы) ауыл мектептерін жан басына қатысты қаржыландырудан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда апробацияға республикамыздың 126 қалалық мектебі қатысуда:

·      Ақмола облысы – 7 мектеп; 

·       Ақтөбе облысы – 9 мектеп; 

·       Алматы облысы – 2 мектеп; 

·      Шығыс Қазақстан облысы – 6 мектеп; 

·       Түркістан облысы – 9 мектеп; 

·      Алматы қ. – 5 мектеп; 

·      Астанақ.– 88 мектеп.

2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап апробацияға Астанақаласының 75 мемлекеттік және 8 жекеменшік мектеп енгізілді.

2018 жылдан бастап еліміздің 3 өңіріндегі (Алматық., Қарағанды және Павлодароблыстары) 90 пилоттық колледжде жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудың апробациясы басталды:

·      Қарағанды қ. 23 колледж, соның ішінде 13 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес; 

·      Павлодар қ. 23 колледж, соның ішінде 13 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес.

Тестовый. Анализ итогов апробации подушевого нормативного финансирования в пилотных организациях среднего образования за 2015-2016 учебный год

20.12.2018

Яндекс.Метрика