Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.
personal_Finans_Каз_03.jpg

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізуге дейінгі мәселелер: 

·       Мектеп қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі; 

·        Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту мүмкіндігінің болмауы; 

·       Қаражат жинау мүмкіндігінің болмауы; 

·       Мектептердің арасында бәсекелестіктің болмауы; 

·       Жекеменшік мектептер желісінің дамымауы.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізудің негіздемелері:   

1. Назарбаев Университеті студенттерінің алдында Елбасымыздың сөз сөйлеуі (2012 жылғы 5 қыркүйек): «Біз орта білімнің жан басына қатысты қаржыландыруға кезең-кезеңмен өтуін қамтамасыз етуіміз керек. Оқушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, ақша да оның артынан ілеседі. Осылайша, біз мектептердің арасында бәсекені арттырамыз. Үкіметке пилоттық мектептерде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізуге кірісуді тапсырамын». 

2. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 
«Нәтижеге бағдарланған қаржыландыру – орта білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады». 

3. 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы «…қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады» деп айтып өтті.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізудің әсері мыналар болады: 

  • Қаржыландыру теңдігі және әділдігі; 

  • Баланың қай мектепте және қай жерде білім алатынына қарамастан, 1 оқушыға жұмсалатын шығындардың теңестірілуі; 

  • Мектептердің бәсекелесу қабілеті; 

  • Педагогтар ұжымын нәтижеге ынталандыру.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды жетілдіру:

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру барысында мәселеге қатысты тәсілдеменің өзі өзгереді. Алдыңғы қатарға оқушылар және олардың сапалы білім алу құқығы мен мүдделері «шығады». Білім беру ұйымдарының ұйымдастыру және қаржы мәселелерін басқару тиімділігі артады, білім беру үдерісін ұйымдастыру тиімділігі артады, және де осының барлығы оқушылар мен мұғалімдер үшін білім беру мекемелерінің арасында «салауатты» бәсекелестіктің туындауына әкеледі және олардың жұмысын ынталандырудың қосымша шараларын қолға алуға түрткі болады.

Бастапқыда білім беру үдерісіне арналған шығындар нормаланып, келесіні қамтыды:

  • педагогтар мен басқарушы қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар;

  • жұмыс берушінің жарналары; 

  • бір лауазымдық жалақы мөлшерінде қызметкерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына сауықтыруға өтемақы төлеуге жұмсалатын шығындар; 

  • оқу шығындары (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқуға арналған көрнекі материалдар мен оқулықтар); 

  • білім беру үдерісін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыру бөлігі – қызметінің нәтижелеріне қарай жалақысын саралау мақсатында орта білім беру ұйымының қызметкерлерінеынталандыру үстемеақысын белгілеуге және сыйлықақылар төлеуге, сондай-ақ білім беру үдерісімен байланысты орта білім беру ұйымының басқа да қажеттіліктерін жабуға арналған қаражат.

Бүгінгі таңда жан басына қатысты норматив жетілдірілген, ішінара: 

  • инклюзивті білім беруді дамыту үшін жалпы білім беретін сыныптарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жан басына қатысты нормативтің белгілі мөлшері анықталды; 

  • экологиялық  апат және радиациялық қауіп аймақтарында тұратын қызметкерлерге мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында, тиісті қосымша төлемдерге арналған шығындар нормаланды; 

  • педагогикалық әлеуетті ынталандыру арқылы білім берудің сапасын арттыру үшін формулаға ынталандырушы компонент қосымша енгізілді; 

  • мемлекеттік қаражатты барынша тиімді және оңтайлы пайдалану мақсатында, формулаға елеулі іс жүзіндегі контингенті бар, лық толған мектептер үшін түзету (төмендету) коэффициенті енгізілді; 

  • мектептердің материалдық-оқу базасын нығайту және дамыту жолымен білім берудің сапасын арттыру үшін формулада күрделі сипаттағы шығындар қосымша нормаланды; 

  • мемлекеттік білім беру тапсырысының жекеменшік мектептерде орналастырылуы заңнамамен бекітілгенін ескере отырып, жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы Әдістемесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: 

  • қолданыстағы және жаңа жекеменшік мектептер үшін жан басына қатысты нормативтің мөлшері анықталды;

  • инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін нормативтің мөлшері анықталды. 

 

«Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі № 171-VІ Қазақстан Республикасының Заңы аясында мектептерді «мемлекеттік мекеме» (әрі қарай – ММ) нысанынан «шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын» (әрі қарай – ШЖҚ МК) нысанына қайта түрлендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді. 
Түрлендіру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, яғни Астана қаласының мектептері базасында пилоттық іске қосу тұспалданады. Сәтті болған жағдайда бұл тәжірибе бүкіл республика бойынша таралады. 
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған норманы іске асыру үшін заңға тәуелді актілер қабылданды, атап айтқанда, мектептердің ШЖҚ МК нысанына өту шарттарын реттейтін мәселелер мен мемлекеттік кәсіпорын басшыларын алмастыру мәселелері бойынша. 
Бұл үлгі Жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесімен және Еежелерімен реттеледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 477, 478 бұйрықтары) және орталық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, Атамекен ҰКП-мен аса тиімді және әділ үлгі ретінде бағаланды. 
             
Жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудағы пилоттық мектептерді қаржыландыру сұлбасы:    
Пилоттық мектептерде жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемдерін нормативтік көлемге дейін жеткізуге республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттер түрінде қосымша қаражаттың бөлінуімен іске асырылады.
Мақсатты ағымдық трансферттердің сомаларын бөлу және пайдадалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 
Жан басына қатысты нормативте ескерілмеген шығындарды қаржыландыру да Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес тиісті жергілікті бюджеттердің есебінен нормативтен тыс жүзеге асырылады (яғни қолданыстағы сұлба бойынша қаржыландырылады).