Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

unnamed.jpg

          Қазіргі уақытта «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мына санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл міндетті түрде жұмыспен өтеу нормалары қолданылады:

1.       квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық (2008 жылдан бастап) және ауыл шаруашылығы (2020 жылдан бастап) мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар – тиісінше ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда; 

2.       мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға (2012 жылдан бастап) оқуға түскен азаматтар – мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;

3.        мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен (2012 жылдан бастап) азаматтар – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда;

4.       мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша (2017 жылдан бастап) білім алған азаматтар – меншік нысанына қарамастан ұйымдарда;

5.       квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен (2016 жылдан бастап) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – оқыған жері бойынша өңірде.

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жас мамандар мен философия докторларының (РhD) жұмысты өтеу және жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылады.

Жас мамандар мен философия докторларын (РhD) тиісті ұйымдарға жұмысчқа жіберу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу қағидаларымен белгіленген. 

Бос жұмыс орындарын ұсыну, жұмысқа бөлу, жіберу және кейін жұмысқа орналастыру жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен оқу бітірушілердің өзара әрекеттестігі арқылы жүргізіледі.

Заңда өз бетінше жұмысқа орналасу жағдайлары көзделген, сондай-ақ жұмысты өтеу міндеттерінен босату шарттары да белгіленген.

Жұмысқа бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда жас мамандар мен философия докторы (Phd) жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жері бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге тиісті.

         МАҢЫЗДЫ: 

         Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман және философия докторы (Phd) өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-4-тармағы).

         Берешек бойынша төлемдер ҚР-ның кез келген банкінде (банк филиалында) мына деректемелер бойынша қабылданады:

Алушы: «Қаржы орталығы» АҚ,

БСН 050740000618, 

ЖСК KZ936010111000181603, 

БСК HSBKKZKX, КНП 861, 

«Қазақстан Халық банкі» АҚ. 

Берешекті төлеу кезінде жас маманның тегін, атын, әкесінің атын және ЖСН нөмірін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауын және оны бітірген жылын дұрыс көрсету қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға және/немесе телефондарға хабарласуды сұраймыз: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәнгілік Ел даңғылы, 18 (3-қабат, 302-кабинет, Әлеуметтік жобаларды мониторингілеу департаменті), 8 /7172/ 69-50-32, 69-50-57, 69-50-58, 8 707 769-50-55. Электронды почта: fincenter@fincenter.kz

Яндекс.Метрика