Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

Қаржы орталығының миссиясы

Білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін техникалық және кәсіби орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Қаржы орталығының 2023 жылға дейінгі пайымы

Қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі бар қаржылық тұрғыдан орнықты компания, білім алуды қалайтын және студенттік жастардың тұрмыс жағдайын жақсартқысы келетін ҚР азаматтарын қаржылай қолдауға арналған мемлекеттік міндеттерді орындайды.

Тарихы

2005 жыл

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында студент жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны құру туралы идеяны ұсынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қаржы орталығы» АҚ болып қайта ұйымдастырылды. Қоғамдастық мемлекеттік білім беру кредиттері мен мемлекеттік студенттік кредиттерді республикалық бюджетке қайтару бойынша сенімді тұлға болып анықталды.

Сондай-ақ 2005 жылдан бастап білім беруді несиелендіру аясында Білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы қолданылады. Қаржы орталығы екінші деңгейлі банктермен студенттерге ұсынылатын кредиттер бойынша кепілдік беруді жүзеге асырады. Кепілдік міндеттемесі дегеніміз – келісімде көзделген тәртіпте және шарттарда анықталған кепілдік көлемі шегінде кредит шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелері орындалатынына кредит берушінің алдында ұйымның жауап беру міндеттемесі.

2012 жыл

«Қаржы орталығы» АҚ жас мамандардың жұмыспен өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындауын, ал өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығындарын төлеуін бақылау мен мониторинг жасауды қамтамасыз ету бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агенті болып табылады.

2013 жыл

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша оператор ретінде «Қаржы орталығы» АҚ әрекет етеді.

2013 жыл

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына нормативтік қаржыландырудың апробациясы басталды. «Қаржы орталығы» АҚ орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың пилоттық режимде енгізілуін сүйемелдеу және мониторинг жасау жөніндегі қызметтердің операторы болып тағайындалды. 

2018 жыл

Елімізде «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бойынша ҚР Президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасы іске асырылуда. «Қаржы орталығы» АҚ осы бағдарламаның операторы болып табылады.

Сонымен қатар, қоғамдастықтың алдында «AQYL» білім беру жинақтау салымдарын дәріптеу және оқуға қор жинау мәдениетін дамыту міндеттері тұр.