Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Ibraimov_blog.png

Бүгінгі таңда білім беру қызметтерінің нарығы да кез-келген нарық секілді бәсеке заңына сәйкес дамуда, бұл – халықтың әртүрлі топтары үшін білімнің қолжетімді болуына едәуір әсер етуде. Қазақстандағы көптеген ата-аналар үшін баланың жоғары оқу орнына/колледжге түсуі – отбасылық бюджет үшін қосымша шығын болып табылады, халықтың жекелеген топтары үшін жоғары білім – қаржы жағдайларына байланысты қолжетімсіз.

Білім мен ғылымның бәсекеге деген қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында мемлекет студент жастарды қолдауға арналған бірқатар бағдарламалар әзірледі. Елімізде 1999 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде еліміздің жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау бойынша білім беруді несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасы қолданыста болды.

Білім беруді несиелендіруді әрі қарай дамыту мақсатында 2005 жылдан бастап білім беру кредиттерін кепілдендіру жүйесі енгізілді, соның арқасында абитуриенттер, студенттер оқуының ақысын төлеу үшін «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен банктен кредит алу мүмкіндігіне ие болды.

Барлығымызға белгілі, 2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске асырылуда. AQYL депозиттерін аша отырып, отандастарымыз өз балаларының келешек біліміне инвестициялар жасайды және мемлекеттен сыйлықақы алады. МБЖЖ аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Қазақстанда және шетелде білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

2013 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ жан басына нормативтік қаржыландыру – бюджеттік қаражатты бір оқушыға есептеп бөлуге негізделген қызметті үйлестіруді жүзеге асырады. Бөлінетін қаражаттың көлемі оқушылар санына байланысты.

2012 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ жас мамандар мен философия докторанттарын (PhD) жұмысқа орналастыру бойынша жүйені – квота шегінде және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен ауыл жастары азаматтарының жұмыспен өтеу міндеттерінің орындалуын немесе өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығындарын өтеу бойынша бақылау мен мониторинг жасауды қамтамасыз етеді.

2018 жылдан бастап «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту» бойынша ҚР Президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасы іске асырылуда. Бұл бастама аясында жатақханалар салу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде жүргізілуде. «Қаржы орталығы» АҚ нормативтерді есептеу, калькуляция жасау, шарттарды әзірлеу және инвестициялық бөліктердің өтемін төлеу ісіне жауап береді, осы бағдарламаның операторы болып табылады.

«Қаржы орталығы» АҚ Сізге табыс тілейді және сындарлы әрі өзара тиімді қатынастарды жалғастыруға үміттенеді.



«Қаржы орталығы» АҚ Президенті
Ибраимов Асқар Ізімбайұлы